Мемлекеттік қызмет

Атауы: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

     Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты 

    Қызмет көрсету орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

    Қызмет алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні ішінде;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
    3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

    Қажет құжатттар

    Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    -осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
    -заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
    -өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
    -өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;
    -бизнес-жоба;
    Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    -кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
    -кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
    Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

    Қызмет құны

    тегін

    Мемлекеттік қызмет қорытындысы

    Грантты беру туралы шарт мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

     

     

     

     

     

     

     

     

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
    -жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
    -заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
    Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Арыздың қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
    Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 15.02.2017