Мемлекеттік қызмет

Атауы: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

      Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты 

    Ұсынылатын қызметтiң орны:

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

    Қызметті тұтынушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
    -«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші, екінші және үшінші бағыттары бойынша:
    -осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;
    -кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен (бар болған жағдайда)/қолымен расталған көшірме);
    -кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті өсіруге, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 %-ға өсіруге қол жеткізу кезеңдері қамтылады;
    -кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылы үшін қаржылық есептерінің көшірмесі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі және кірістің өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесі қоса беріледі. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
    -өтініш берілетін күнге дейінгі күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
    -тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
    Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
    -соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
    -банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
    Қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкке, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.

    Қызметтің құны

    Тегін

    Қызмет көрсету нәтижесі

    Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
    -жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
    -заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
    Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Арыздың қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
    Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 15.02.2017