Мемлекеттік қызмет

Атауы: Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты 

    Қызметтің ұсынылатын орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
          Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетің қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.

    Қызметті тұтынушылар

    Кәсіпкерлер

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
          1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде;
          2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
          3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілген қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
          1) өнеркәсіп алаңдарын дамыту жоспары;
          2) жер телімдерінің бөлінгенін растайтын құжаттар;
          3) мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен келісілген өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізуге арналған техникалық талаптар;
          4) өнеркәсіп алаңдарының жаңаларын салудың және жұмыс істеп тұрғандарын дамытудың техникалық-экономикалық негіздемесі.

    Қызмет құны

    тегін

    Мемлекеттік қызмет нәтижесі

    Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
          Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
          Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
          Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
          Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

    Басқа талаптар

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министерліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 05.06.2015