Мемлекеттік қызмет

Атауы: Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты  

    Жергілікті атқарушы орган

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
    Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

    Қызтет алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
    3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    -еркін нысандағы қатысуға өтінім;
    -бизнес-жоспар;
    -техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
    -жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
    Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

    Қызмет құны

    тегін

    Қызмет көрсету нәтижесі

    Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
    -жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
    -заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
    Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
    -көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
    Мемлекеттік қызметті көрсетудің жөніндегі келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

     

    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 15.02.2017