Мемлекеттік қызмет

Атауы: Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру келісім-шарттарын жасасу, тіркеу және сақтау

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    Мемлекеттік қызмет төлқұжаты 

    Жергілікті атқарушы орган

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қызтет алушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) жұмыс күні;

    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;

    3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    1) еркін нысандағы өтініш;

    2) жұмыс бағдарламасымен, бекітілген барлық жобалық құжаттармен, келісулер мен сараптамалар нәтижелерімен қоса келісімшарт жобасы – қағаз және электрондық жеткізгіштерде 3 (үш) данада.                         

    Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.       

    Қызмет құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі қолма-қол арқылы не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі

    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

     

     

    Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған.

    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.10.2014 / 14.06.2016