Мемлекеттік қызмет

Атауы: Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы


    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

    Ұсынылатын қызметтiң орны:

    Мемлекеттік қызметті:
          екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда облыстардың жергілікті атқарушы органдары;
          екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
          Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
          1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
           2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті тұтынушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
          1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
          2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
          3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
          Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

          көрсетілетін қызметті берушіге:

          мынадай:

           жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

           жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

          жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл үшін – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

          жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі;

          көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі.

          Пайдалану түріне байланысты қосымша өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:

          1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):

          жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісі аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың көшірмесі;

          2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

          бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері;

          жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың көшірмесі;

          бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);

          3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

          балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;

          4) эксперименталдық аулауға:

          бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;

          5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

          бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді-көшірмелері;

          жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме болатын материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

          6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсаттарында пайдалануға:

          жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме болатын материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).

          Порталға:

          көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған мынадай:

          жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

          жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық нысандағы өтінім;

          ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;

          көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, аң аулауды қоспағанда жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімінің электрондық көшірмесі.

          Пайдалану түріне байланысты қосымша өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:

          1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):

          жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісі аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың электрондық көшірмесі;

          2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

          бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;

          жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың электрондық көшірмесі;

          бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің электрондық көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);

          3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

          балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

          4) эксперименталдық аулауға:

          бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

          5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

          бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан электрондық үзінді-көшірмелері;

          жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме болатын материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

          6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

          жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме болатын материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).

          Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

          Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

          көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

          портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымды қабылдау туралы мәртебе жолданады.

    Қызметтің құны

    ақылы/тегін

    Қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
          Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
          Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.
          Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
          шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша беріледі.
          Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
          Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
          Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
          Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтінім туралы ақпарат қолжетімді болады.
          Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
          Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
          Шағымда:
          1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;
          2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінімге қол қоюы керек.
          Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
    ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.06.2015 / 07.09.2017