Мемлекеттік қызмет

Атауы: Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Бизнес-процестер анықтамалығы


    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

    Ұсынылатын қызметтiң орны:

    Мемлекеттік қызметті орман шаруашылығы саласында функцияларды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті тұтынушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут;
    3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 10 минут.
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
    Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    -көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
    2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты (3 данада);
    -порталға:
    1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында шартты мемлекеттік тіркеу туралы сұрау салу;
    2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының электрондық көшірмесі.
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
    Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    Көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағазға басылған түрінде өтініштің қабылдануының дәлелі болып табылады;
    портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

    Қызметтің құны

    тегін

    Қызмет көрсету нәтижесі

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу.

    Шағымдану тәртібі

    Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
    -шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолмен апарып беру арқылы қабылданады.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап, он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Шағымда:
    1) жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
    2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стенділермен және қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жарақтандырылады), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.minagri.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырылған, «Қолдау және қызметтер» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.06.2015 / 23.01.2017