Мемлекеттік қызмет

Атауы: Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

     Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызмет көрсетілетін орын

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметті алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні;

    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

    3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжат:

    - ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалану негіздемесіне қатысты мәліметтерді, су пайдалану мақсатын, жерасты суларын өндірудің жылдық және маусымдар бойынша есептік көлемін, сондай-ақ пайдаланылатын және резервтік ұңғымалардың санын қамтитын еркін нысандағы өтініш.

    Құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

    Қызметтің құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамадарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде:

    -шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының                     12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не тиісті жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті жергілікті атқарушы орган кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

    Шағымда:

    1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

    2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

    Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе жергілікті атқарушы орган кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелер туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтін нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

    Өзге талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.10.2014 / 05.09.2017