Мемлекеттік қызмет

Атауы: II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

    Қызметті оn-linе алу 

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызмет көрсету орны

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
    3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызметтерді алушылар

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызмет көрсету мерзімдері

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
    -мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін – бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспайды;
    -қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін – он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайды;
    -алдын ала сараптама - үш жұмыс күнінен аспайды;
    Қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылданған кезден бастап үш жұмыс күн аралығында ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.
    Егер ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталса қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қарастырылмайтынын жазбаша түрінде дәлелдеп қайтарады.
    2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;
    3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
    -әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:
    -қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
    -өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;
    -жобаның электрондық нұсқасы;
    -эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына:
    -эмиссиялар нормативтерiнiң жобаның электрондық нұсқасымен қоса;
    -iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары, келесі құрамда:
    -өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;
    2) Мемлекеттік корпорацияға:
    -осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;
    -әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:
    -қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
    -өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;
    -жобаның электрондық нұсқасы;
    -эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына:
    -эмиссиялар нормативтерiнiң жобаның электрондық нұсқасымен қоса;
    -iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары, келесі құрамда:
    -өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;
    3) порталға:
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;
    -әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:
    -қоғамдық пікірді есепке алу нәтижесінің электронды көшірмесі;
    -өтінімді БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;
    -жоспарланған қызметтің экологиялық салдары туралы өтінімнің электронды көшірмесі.
    -эмиссиялар нормативтерінің жобалары, келесі құрамда:
    -эмиссиялар нормативтерінің жобалары.
    -көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі эмиссиялар нормативтері жобасы.
    -әзірлеген іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі жобалары, келесі құрамда:
    -өтінімді БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі.
    Жеке басты куәландыратын құжаттарлың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттарының мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызмет беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы келісімін береді.
    Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады;
    Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда, сәйкесінше құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Бір ай өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    -көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
    Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;
    -порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

    Қызмет құны

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандаарының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы.

    Шағымдану тәртібі

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе тиісті жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – Әкімдік) басшысының атына беріледі.
    Шағымдар жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Әкімдікте арқылы қолма қол қабылданады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Әкімдіктің кеңсесінде берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
    Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
    Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және почта арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының (1414, 8 800 080 7777) телефоны арқылы алуға болады.
    Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
    Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
    Шағымда:
    1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
    2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

    Өзге де талаптар

    Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілігі болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының интернет-ресурстарында мекенжайлары мынадай:
    1) Министрліктің - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
    2) Министрліктің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешенідегі мемлекеттік инспекция комитетінің - www.ecokomitet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
    3) Мемлекеттік корпорацияның - www.con.gov.kz.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).

     


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.10.2014 / 05.09.2017