Мемлекеттік қызмет

Атауы: ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Мына мемлекеттік мекемелермен ұсынылады:

     Қызметті оn-linе алу 

    Бизнес-процестер анықтамалығы

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

    Қызмет көрсетілетін орындар

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
    3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Қызмет алушы

    жеке және заңды тұлғалар

    Қызметті көрсету мерзімі

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
    -ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап – 30 күнтізбелік күннен аспайды;
    -ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күннен аспайды;
    - ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күннен аспайды;
    -рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;
    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушы құжаттарды алған кезден бастап ІІ санаттағы объектілер үшін он бес күнтізбелік күннен аспай, ІІІ санаттағы объектілер үшін бес күнтізбелік күннен аспай ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді.
    Ұсынылған құжаттардың толық емес екендігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті алдағы уақытта қарастыру бойынша жазбаша дәлелді бас тарту береді.
    Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсеті мерзіміне кірмейді.
    2) мемлекеттік қызметті алу үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
    3) өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

    Қажетті құжаттар

    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге:
    -ІІ және ІІІ санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
    -І, ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;
    -қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.
    -IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
    -IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;
    - есептік немесе аспаптық жолмен орнатылған және негізделген қоршаған ортаға эмиссияның нормативтері.
    - II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
    - І, II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім.
    2) Мемлекеттік корпорацияға:
    -ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
    - І, ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;
    -қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
    -жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
    - IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
    - IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;
    -  есептік немесе аспаптық жолмен орнатылған және негізделген қоршаған ортаға эмиссияның нормативтері;
    -жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
    - II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
    -І, II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;
    -жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
    3) порталға:
    - ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
    - І, ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
    - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі.
    - IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
    -  IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
    - есептік немесе аспаптық жолмен орнатылған және негізделген қоршаған ортаға эмиссияның нормативтерінің электрондық көшірмесі.
    - II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
    - І,  II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлікті мемлекетті тіркеу, эмиссияның нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары, рұқсаттары туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    Көрсетілетін қызметтерді беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға келісімін береді, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылмаса.
    Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
    Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін және сенімхат (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған жағдайда, қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.
    Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Бір ай өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
    -көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
    Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;
    порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

    Қызмет ақысы

    тегін

    Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.

    Шағымдану тәртібі

     

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші жергілікті атқарушы органы басшысының атына, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
    Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөр, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) оны қабылдауды растау болып табылады.
    Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әдепсіз қызмет көрсетуі жағдайында шағым Мемлекеттік корпорация басшысына беріледі.
    Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма қол сияқты поштамен жіберілген шағымды тіркеу (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөр, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) оны қабылдауды растау болып табылады.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының (1414, 8 800 080 7777) телефоны арқылы алуға болады.
    Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
    Шағымда:
    1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
    2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
    Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекен жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма қол беріледі.
    Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

    Басқа да талаптар

    Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілігі болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:
    1) Министрліктің - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.ecokomitet.gov.kz;
    3) Мемлекеттік корпорация - www.con.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
    ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414). 


    Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.10.2014 / 04.09.2017