Азаматтарға арналған үкімет
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО мекенжайы мен анықтама телефондары
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ке ақ сайты 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Филиал директоры: Асхат Жанатұлы Жарылқасынов

Орналасқан мекенжайы: 070002, ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі 152

Байланыс телефондары: 8 (7232) 22-28-66

Факс: 8 (7232) 22-48-10

Электрондық пошта: naovostokzem@mail.ru

Филиалдың жұмыс кестесі: аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін)

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі:

ТАӘ Лауазымы Қабылдау күндері
Асхат Жанатұлы Жарылқасынов директор дүйсенбі, жұма күндері
сағ.11.00-ден 13.00-ге дейін
Ерлан Николаевич Кархунов директордың орынбасары күн сайын
сағ.11.00-ден 13.00-ге дейін
сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін
Азамат Хамидулиевич Есембулов директордың орынбасары күн сайын
сағ.11.00-ден 13.00-ге дейін
сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін
Жанат Каукеновна Умергалиева директордың орынбасары күн сайын
сағ.11.00-ден 13.00-ге дейін
сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін
Нурлан Ельтаевич Симбинов директордың орынбасары күн сайын
сағ.11.00-ден 13.00-ге дейін
сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін
Даурен Сабеткан улы Туленов директордың орынбасары күн сайын
сағ.11.00-ден 13.00-ге дейін
сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін

Ерлан Николаевич Кархунов – жерге орналастыру және жерді қалпына келтіру, жерлерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеулерге қатысты мәселелерді реттейді;
Азамат Хамидулиевич Есембулов – халыққа қызмет көрсету бойынша қалалық және аудандық бөлімдер қызметін, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасы, фронт офистерді үйлестіру басқармасы, коммерциялық секторға қатысты жалпы бақылауды жүзеге асырады;
Жанат Каукеновна Умергалиева – әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қалалық және аудандық бөлімдер қызметін, атап айтқанда зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар және   заңнамада қарастырылған басқа да төлемдер, артық немесе кем  төлемдер,жәрдемақылар, бір реттік төлемдер және тағы басқа да төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтерді бақылау бойынша;
Нурлан Ельтаевич Симбинов– кадрлар мәселесі, құжаттамалық қамтамасыз ету және талдау, құқықтық қамтамасыз ету бойынша жетекшілік жасайды және мемлекеттік сатып алу, әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
Даурен Сабеткан улы Туленов – жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша жетекшілік жасайды.

Филиалдың негізгі қызметі:

Филиал жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдерін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асырады.
Филиал қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді ұсыну, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін беру, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Филиал мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді;
- құжаттар топтамасын тексеруді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін беру, оның ішінде электрондық нысанда және мобильді мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін арнайы автомобильдерде шалғай елді мекендерге шыға отырып мемлекеттік қызметтерді ұсыну;
- Қоғам қызметінің бейіні бойынша ғылыми, зерттеу, жобалау, сараптау, енгізу жұмыстарына қатысу;
- ақпараттық қызметтерді, оның ішінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін көрсету;
- автоматтандырылған электрондық алаңда автокөлікті жүргізу бойынша емтихан алды даярлық жүргізу  қызметін көрсету;
- соңынан дайын құжаттарды бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттар топтамасын қалыптастыруқызметін көрсету;
- ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын бастапқы және соңынан зерттеп қарау, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға және оның құрамдастарына кадастрлық нөмір беру;
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру;
-
- жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру;
- жерді экономикалық бағалауды және оған  мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және  топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын  есепке алу;
- мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай- ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу;
- жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін базалық мөлшерлеменің есебін; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау;
- жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жинақтау, өңдеу және жүргізу;
- мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу;
- жер - кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу;
- жер-кадастрлық кітапты және жердің  бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу;
- жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру;
- жер-кадастрлық жоспар әзірлеу;
- жер учаскелеріне кадастрлық нөмір беру;
- жер учаскелерінің паспорттарын дайындау;
- жергілікті жерлерде әкімшілік- аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;
- жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
- мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
- жерді түгендеуді жүргізу;
- жер учаскелерін көлденең және биіктен түсіру (топографиялық);
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыру;
- құжаттарды қабылдау, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара іс-қимыл жасау;
- құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.10.2018 / 11.10.2018