Облыстық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2016 жылғы қызметі туралы есеп

 

Облыстық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2016 жылғы қызметі туралы есеп

 

Есепті кезең бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
3 940 795 құрады, оның ішінде электрондық түрде – 47 336, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 197 639, мемлекеттік орган арқылы – 3 695 820.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылдың 16 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының
40 – тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі 2016 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралары жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) бекітті.

Жоспарға сәйкес 271 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдарда бақылау іс-шараларының 271 нысанынан 212 іс-шара өткізілді, ведомстволық бағынысты ұйымдарда - 59.

Бақылау іс-шаралары қорытындысы бойынша 2054 бұзушылық анықталды, олардың ішінде:

- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу – 52;

- толық құжаттар топтамасы болмауы кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету – 173;

- ҚР заңдарында көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту – 1;

- бекітілген мемлекеттік қызметтер стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету – 109;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың басқа талаптарын бұзу – 1719.

Бақылау іс-шараларын өткізу барысында шағымдарды қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталмаған.

Тәртіптік жауаптылыққа 58 адам тартылған. Олардың ішінде:
ЖАО қызметкерлері – 52, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлері – 6.

Бақылау іс-шаралары қорытындысы бойынша барлығы 354 ұсыным әзірленді, олардың 261-і орындалып, 93-і орындалмаған (орындалу сатысында).

«Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесі және халыққа қызмет көрсету орталығының біріктірілген ақпараттық жүйесі, электрондық үкіметтің өңірлік желісі жұмыс орындарын автоматтандыру арқылы мониторингтеуге сәйкес 2016 жылы мемлекеттік органның кінәсінен 58 мемлекеттік қызмет көрсетудің  мерзімдерін бұзу, 307 мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесін уақтылы енгізбеу анықталды (Анықтама: 2015 жылы
МО кінәсінен - 147, жүйеге деректерді уақтылы енгізбеу бойынша 1429 бұзушылық анықталған). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берген барлық қызметкерлерге тәртіптік жазалау шаралары қолданылған. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар 2016 жылы түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1189 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар көрсететін 175 көрсетілетін қызмет түрі бойынша 173 стандарт қабылданған. 2016 жылғы 7 мамырдағы № 10/8780 хатқа сәйкес «Сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу», «Жолдағы қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» көрсетілетін қызметтері бойынша 2 стандартты ҚР ҰЭМ кері қайтарған.

Облыс әкімдігі қаулыларымен 173 стандарттан 173 регламент бекітілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын»  құруды есепке ала отырып, өзгерістер енгізуді қажет ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің саны 65-ті  құрады, олардың ішінде 61 регламентке өзгерістер енгізілген, 1 регламент сараптама және қоғамдық кеңеспен келісу кезеңінде .

 «Ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілерге су тарту бойынша қызметтер бағасын субсидиялау», «Психоневрологиялық мекемеден анықтама беру», «Наркологиялық мекемеден анықтама беру» деген үш көрсетілетін қызмет бойынша орталық мемлекеттік органдар тарапынан стандарттарға өзгерістер енгізілмеген.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың тарапынан біліктілігін арттыру Шығыс Қазақстан өңірлік орталығында 2016 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбы бойынша 972 мемлекеттік қызметші оқытудан өтіп, оларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар берілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін облыстың қалалары мен аудандарында мемлекеттік мекемелер 2016 жылы 1 334 түсіндіру іс-шараларын өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.11.2017 / 08.11.2017