есеп 2015

Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы қызметі туралы есеп 

 

                                                                                                                                Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету –мемлекеттік органның басты функцияларының бірі

 

Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағымемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді. 

ҚР Президенті өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында ерекше назар аударған: «Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі».

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қазандағы № 983 қаулысына, 2015 жылғықазанда енгізілген өзгерістерге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтің 172 түрі көрсетіледі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан 1 қазаны аралығында мемлекеттік қызметтің 162 түрі көрсетілген, 2014 жылы – 131, 2013 жылы – 78.  

2015 жылда Шығыс Қазақстан облысының халқына мемлекеттік қызметтердің 3 679 170 күрі көрсетілді, оның ішінде баламасыз негізде мемлекеттік органдар мен ведомствоға бағынысты ұйымдар арқылы - 2 034 616.

Баламалы негізде мемлекеттік органдар мен ведомствоға бағынысты ұйымдар арқылы 1 458 939 қызмет көрсетілді,  халыққы қызмет көрсету орталықтары арқылы – 148 509 (баламалы қызметтердің жалпы санынан 10,1%). Электронды түрде – 37 106 (баламалы қызметтердің жалпы санынан 2,54%),оның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 34 968, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы лицензияның 2 138   түрі берілді.

2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2015 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны 22,9% төмендеді, ХҚКО арқылы көрсетлген қызмет саны 55,4%(2014 жыл-66 110 қызмет) артты, «электронды үкімет» порталы және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 1,5 есеге өскен (2014 жыл- 24 300 қызмет), 2013 жылы 10 111 электронды қызмет көрсетілген болатын.

Серпін аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мыналар болып келетінін көрсетті:  

Денсаулық сақтау саласында

МО арқылы

Баламасыз:

- АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу (85 619 қызмет);

- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру (70189 қызмет);

- Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру (146 857 қызмет);

Баламалы:

- Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу (53781 қызмет);

- Дәрігердің қабылдауына жазылу (429 488 қызмет);

- Дәрігерді үйге шақыру (89904 қызмет).

Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында:

МО арқылы

Баламалы:

- Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (86280 қызмет);

- Ветеринариялық анықтамалар беру (59 403 қызмет);

- Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу (267 434 қызмет).

Мұрағат ісі саласында:

МО арқылы

Баламалы:

-Мұрағат анықтамасын беру (44954 қызмет).

АХАТ саласында:

ХҚКО арқылы:

Баламалы:

- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру (22 264 қызмет).

Білім беру саласында:

МО арқылы

Баламалы:

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау (61 243 қызмет);

ЭҮП арқылы

Баламалы:

- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою (12518 қызмет).

Азаматтардың қызмет алу құқығын кепілдеу үшін мемлекет тарапынан мемлекеттік органдар үшін олардың құзырына кіретін стандарттар мен регламенттер қабылдаудың қажеттілігін орнатты, және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу. 

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

2016 жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен 162 регламенттің 155-сі бекітілді, оның 99-ы әділет органдарында бекітілген, 5-і қол қою сатысында, дәлірек айтқанда:

1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына  бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру  - қол қою сатысында, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан сараптамалық қорытынды шығу барысында;

2. Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру - қол қою сатысында, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан сараптамалық қорытынды шығу барысында;

3. 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру - қол қою сатысында, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан сараптамалық қорытынды шығу барысында;

4. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу - стандарт «Әділет» нормативтік құқықтық жүйесінде 2015 жылдың қазан айында жарияланған, регламент құқықтық сараптама барысында;

5. Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру -  стандарт «Әділет» нормативтік құқықтық жүйесінде 2015 жылдың қазан айында жарияланған, регламент құқықтық сараптама барысында.

«Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен және туристік бағдарлар мен жолдардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» және «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» қызметтері бойынша Орталық мемлекеттік органмен бекітілген стандарт Әділет» нормативтік құқықтық жүйесінде жоқ, регламент жобалары әзірлену сатысында.

ХҚКО ЫАЖ, ЭҮӨШ және «Е-лицензиялау» МДҚ ақпараттық жүйелерінің автоматтандылыған жұмыс орны арқылы мониторингке сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік органның кінәсінен 147 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылғаны анықталды (мониторинг нәтижесі бойынша акт қоса беріледі), оның ішінде мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде 70 бұзушылық, атап айтқанда:

1. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру -9 бұзушылық;

2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -35 бұзушылық;

3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына  бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру- 2 бұзушылық;

4. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту -11 бұзушылық;

5. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру -1 бұзушылық;

6. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру -  3 бұзушылық;

7. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -2 бұзушылық;

8. Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру - 1 бұзушылық;

9. Мұрағат анықтамаларын беру -2 бұзушылық;

10. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру -2 бұзушылық;

11. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру- 2 бұзушылық.

Бекітілген мерзімді бұзумен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны электронды түрде 77 құрады:

1. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -18 бұзушылық;

2. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру -8 бұзушылық;

3. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу-1 бұзушылық;

4. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -3 бұзушылық;

5. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -3 бұзушылық;

6. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу -2 бұзушылық;

7. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау - 2 бұзушылық;

8. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы-31 бұзушылық;

9. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру - 4 бұзушылық;

10. Іздестіру қызметіне лицензия беру - 4 бұзушылық;

11. Жобалау қызметіне лицензия беру -1 бұзушылық.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде деректерді мониторинг ақпараттық жүйесіне дер кезінде енгізбегені үшін және қызметті мерзім бұзушілікпен көрсеткен мекеменің қызметкеріне жүктелген міндетін дұрыс орындамағаны үшін  тәртіптік жаза шаралары қабылданды.

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.11.2017 /