есеп 2014

Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есеп 

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік органның басты функцияларының бірі

 

Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағымемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді. 

ҚР Президенті өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында ерекше назар аударған: «Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі».

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Ағымдағы жылы 2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы және 2013 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 983 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес 647 қызмет мемлекеттік органдармен (бағынысты ұйымдармен) көрсетіледі, оның ішінде 131 қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі

- 62 қызмет қалалар мен аудандар деңгейінде (ауылдық округтер) және ведомствоға бағынысты ұйымдарда

- 74 қызмет облыстық басқармалар деңгейінде және ведомствоға бағынысты ұйымдарда

- 46 қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі

- 47 қызмет халыққа электронды түрде көрсетіледі

Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықтарын кепілдендіру үшін мемлекет өз тарапынан мемлекеттік органдар үшін өз құзырына кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент қабылдау, және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу қажеттілігін белгілейді.

2014 жылы министрліктермен жергілікті атқарушы органдардың 121 мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты бекітілді, бекітілген стандарттардың негізінде облыста қаулымен 98 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері әзірленіп, бекітілді.

 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ережелеріне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылаудың жағдайына ай сайын мониторинг жүргізеді. 

2014 жылғы алынған деректердің талдауы қызметтің 131 түрі бойынша облыста 767 100 қызмет көрсетілген. 2013 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны өскен, 2013 жылы 4 030 776  қызмет көрсетілген. Сонымен бірге көрсетілген қызметтердің 70% жуығы денсаулық сақтау саласына жатады.

4 676690 (98,1%) мемлекеттік қызмет мемлекеттік органның өзінде және ведомствоға бағынысты ұйымда көрсетілген. 66 110 (1,4%) мемлекеттік қызмет мемлекеттік органмен Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілген (2013ж. – 65 158).

Жақын уақытта мемлекеттік секторды реформалаудың басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге әсер ететін процестерді жетілдіру болады. 

«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті қолжетіді алу үшін облыста жергілікті атқарушы органдардың 46 қызметін көрсететін 45 ХҚКО және Қазпоштаның 4 филиалы (2-і Глубокое ауданында, 1-і Шемонаиха ауданында және 1-і Ұлан ауданында) жұмыс істейді, оның ішінде 10 қызмет баламасыз негізде тек ХҚКО арқылы көрсетіледі.  Сондай-ақ, алшақ елді мекендердің халқын қамту үшін 7 мобильді халыққа қызмет көрсету оралықтары (М-ХҚКО) жұмыс істеуде.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту саласындағы мемлекеттің саясаты айтарлықтай деңгейде электрондық үкіметті дамытуға, мемлекеттік органның ішкі бизнес-процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік орган мен азаматтардың өзара іс-қимылының аса тиімді үлгісі ретінде электрондық мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға бағытталған.

«Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы электронды түрде 24 300 адам жүгініп, электрондық қызмет алды. (2013ж.- 11 067).

Электрондық қызмет және ХҚКО арқылы алынған қызметтердің жалпы санының 2 есеге өсуі мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне, қызметтердің автоматтануы және ХҚКО алынатын қызмет түрлері санының өсуіне байланысты.

 «Электрондық үкімет» (e-Government) – барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін ортақ жүйе және халыққа қызметті Интернет, электрондық терминалдар және ұялы телефонның да көмегімен он-лайн режимінде көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚР Үкіметі қойған тапсырмаларды іске асыру аясында Электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыр және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде барлық лицензиялар мен әлеуметтік-маңызды қызметтерді электронды түрге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Сондай-ақ, 10 лицензияны тек қана электронды түрде беру бөлігінде уәкілетті МО 100%-дық қамтудан бөлек, 2014 жылы қосымша рұқсат беру рәсімдерін ары қарайғы автоматтандыру  және 23 рұқсат беру құжаттарын беру бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда «Е-рұқсат» МДҚ АЖ тәжірибелік пайдалануға енгізу жүргізілді.

2014 жылы электронды түрде «Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқы 24 300 адам жүгініп, электрондық қызмет алды, 2013 жылмен салыстырғанда ЭҮП арқылы 11 067 өтініш түскен.

4 767 100 көрсетілген мемлекеттік қызметтің 52-сі бекітілген мерзімін бұзумен көрсетілген, оның ішінде 13 қызмет ЭҮП-те мерзімін бұзушылықпен және 13 ХҚКО-дан, 26-сы мемлекеттік органда көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы 2014 жылы көрсетілетін электрондық қызметтердің сандарының, бөлімдерде бірін-бірі ауыстырушылықтың болмауына және мамандардың жетіспеушілігі және басшылық тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығына байланысты.

Талдау ең көп мерзім бұзушілік Үржар ауданында  - 37 қызмет, Ұлан ауданында – 3 қызмет, Бесқарағай ауданында – 3 қызмет және Аягөз ауданында 3  қызмет болғандығын көрсетті.

Сөйте тұра, талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бойынша ішкі бақылау аясында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ШҚО бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік органдарда 17 тексеру жүргізілді.

Жүргізілген мониторингтердің нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жауапты мамандарға тәртіптік жаза қолданылды, ескертулер жарияланды.

2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламеннтерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа 15 лауазымдық тұлға тартылды. Бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 9 ескерту, 5 сөгіс және 1 қатаң сөгіс жасалды.

Талданып отырған кезеңде мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсеті стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзудің алдын алу бойынша 60 шара қабылданған.

Барлығы 2014 жылы мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 819 семинар-мәжілістер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар және бұқаралық ақпарат құралдарында өткізілген.

ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында «мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бақылау жүргізіліп тұрады.

Әдістеме жыл сайын жаңартылып отырады, 2014 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының 2014жылғы 27 қарашадағы № 38 және ҚР ИДМ 2014 жылғы 25 қарашадағы № 181 бірлескен бұйрығына жаңа Әдістеме бекітілді.

Аталған көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бақылауда тұр.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың және бизнестiң арасында жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық қызметтерiн танымалдандыру жөнінде іс-шараларды өткiзу мақсатында полиграфиялық материалдар,электрондық үкімет порталында электрондық мемлекеттік қызмет алуды, «Е-әкiмдiк», «Е-лицензиялау», «Электрондық үкiмет», ЭЦҚ, жобалар бойынша роликтер әзірленген. Аталған роликтер (аудио- бейне материалдар) қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында және жергілікті телеарналарда орнастырылған.

Сондай-ақ, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және құжаттар тізбесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көрсетілген мемлекеттік қызметті алу жолдарын түсіндіру бойынша облыстық баспа БАҚ-та ай сайынғы «Электрондық өңір» айдары ашылған.

Халыққа мемлекеттік қызмет ұсыну процесінің сапасын арттыру мақсатында Өскемен қаласы № 1 ХҚКО-да ШҚО атқарушы билігімен халық арасында бейне-өтініш көмегі арқалы екі жақты байланыс ұсынатын «Диалог»    бейне-өтініштер  ақпараттық жүйесі енгізілген. Аталған жүйені облыстың әрбір аудан орталығында енгізу бойынша ары қарайғы жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың холлында азаматтардан оларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы интерактивті сауал алу үшін сенсорлы монитордан тұратын «Мемлекеттік қызмет сапасы мониторингінің электрондық жүйесі» орнатылған.

Облыс әкімінің сайтында халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау үшін әлеуметтік сауалдар ұйымдастырылған.

Халыққа «электрондық үкіметті» енгізу және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес беру үшін өңірде «Call-орталығы» (т.203-300) ашылған. 

 

 Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2013 жылғы қызметі туралы есеп

 

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.01.2015 / 22.02.2016