отчет 2013

Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2013 жылғы қызметі туралы есеп 


Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік органның басты функцияларының бірі

 

Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағымемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді. 

ҚР Президенті өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында ерекше назар аударған: «Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі».

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Ағымдағы жылы 2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы және 2013 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 983 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес 647 қызмет мемлекеттік органдармен (бағынысты ұйымдармен) көрсетіледі, оның ішінде 123 қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі

- 55 қызмет қалалар мен аудандар деңгейінде (ауылдық округтер)

- 73 қызмет облыстық басқармалар деңгейінде

- 45 қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі

- 45 қызмет автоматтандыруға жатады

Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықтарын кепілдендіру үшін мемлекет өз тарапынан мемлекеттік органдар үшін өз құзырына кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент қабылдау, және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу қажеттілігін белгілейді.

2013 жылы министрліктермен жергілікті атқарушы органдардың 77 мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты бекітілді, бекітілген стандарттардың негізінде облыста регламент бекітілуі қажет 73 қызмет түрінің 68 бойынша қаулымен регламенттер әзірленіп, бекітілді.

 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ережелеріне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылаудың жағдайына ай сайын мониторинг жүргізеді. 

2013 жылғы алынған деректердің талдауы қызметтің 123 түрі бойынша облыста 4 030 776 қызмет көрсетілген және қызмет алған тұлғалардың саны - 3 965 618. 2012 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны артқан, 2012 жылы 2 823 893 қызмет көрсетілген. Сонымен бірге көрсетілген қызметтердің 70% жуығы денсаулық сақтау саласына жатады.

Оның ішінде, облыстық мемлекеттік органдармен 2 788 110 (69%) мемқызмет, қалалар, аудандар және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен  1 242 666 (31%) мемлекеттік қызмет көрсетілген.

3 954 551 (98%) мемлекеттік қызмет мемлекеттік органның өзінде көрсетілген. 65 158 (1,6%) мемлекеттік қызмет мемлекеттік органмен Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілген (2012ж. - 23 512).

Жақын уақытта мемлекеттік секторды реформалаудың басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге әсер ететін процестерді жетілдіру болады. 

«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті қолжетіді алу үшін облыста жергілікті атқарушы органдардың 45 қызметін көрсететін 45 ХҚКО жұмыс істейді, оның ішінде 8 қызмет баламасыз негізде тек ХҚКО арқылы көрсетіледі.  

Сондай-ақ, алшақ елді мекендерді қамту үшін 2013 жылы 7 мобильді халыққа қызмет көрсету оралықтарын (М-ХҚКО) іске қосу бойынша жұмыс жүргізілді.

«Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы электронды түрде 11 067 адам жүгініп, электрондық қызмет алды. (2012ж.- 276).

«Электрондық үкімет» (e-Government) – барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін ортақ жүйе және халыққа қызметті Интернет, электрондық терминалдар және ұялы телефонның да көмегімен он-лайн режимінде көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚР Үкіметі қойған тапсырмаларды іске асыру аясында Электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыр және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде барлық лицензиялар мен әлеуметтік-маңызды қызметтерді электронды түрге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Автоматтандырылған қызметтері түрінің саны үнемі артуда, 2011 жылы ЭҮП  - 1 қызмет, 2012 жылы  - 11 қызмет, 2013 жылы Электрондық үкімет порталыwww.egov.kz  - 28 электрондық қызмет шығарылды, оның ішінде 7 қызмет ЭҮП-на 2013 жылдың 1 тоқсанында шығарылды.

Сондай-ақ, 8 лицензияны тек қана электронды түрде беру бөлігінде уәкілетті МО 100%-дық қамтудан бөлек, 2013 жылы қосымша рұқсат беру рәсімдерін ары қарайғы автоматтандыру  және 10 рұқсат беру құжаттарын беру бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда «Е-лицензиялау» ЕЛ МДҚ АЖ тәжірибелік пайдалануға енгізу жүргізілді.

2013 жылы электронды түрде «Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқы 11 067 адам жүгініп, электрондық қызмет алды, 2012 жылмен салыстырғанда ЭҮП арқылы 276 өтініш және ведомстволық портал арқылы 1026 өтініш түскен.

4 030 776 көрсетілген мемлекеттік қызметтің 263-і бекітілген мерзімін бұзумен көрсетілген, оның ішінде 67 қызмет ЭҮП-те мерзімін бұзушылықпен және 199 ХҚКО-дан көрсетілген.

Облыстық басқармалармен 98 (37%) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген, қалалар, аудандар және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен  165 (63%)  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы 2013 жылы облыстың қалалары мен аудандарында электрондық қызметтерді тарату жүргізілгендігіне (2012 жылы ЭҮП-ке Өскемен қаласының ғана қызметтері шығарылған), көрсетілетін электрондық қызметтердің сандарының артуына (2012 жылы Өскемен қаласының тек 9 қызметі ғана шығарылған), бөлімдерде бірін-бірі ауыстырушылықтың болмауына және мамандардың жетіспеушілігі және басшылық тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығына байланысты.

Талдау ең көп мерзім бұзушілік Семей қаласында -93 қызмет, мұрағаттар басқармасы – 85, Үржар ауданы – 20 және Аягөз ауданында 18 қызмет болғандығын көрсетті.

Сөйте тұра, талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бойынша ішкі бақылау аясында мемлекеттік органдарда 34 тексеру жүргізілді.

2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламеннтерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа 29 лауазымдық тұлға тартылды.

Бұзушылықтардың нәтижесі бойынша жеткіліксіз қызметтік сәйкессіздік тұралы 18 ескерту, 8 сөгіс, 2 қатаң сөгіс және 2 ескерту жасалды. Ең көп тәртіптік жаза Семей қаласында жасалған – 4 түр бойынша. Тәртіптік жазаға тартылған 2 тұлға ведомствоға бағынысты ұйымның қызметкерлері болып келгендігін айта өту қажет.

Талданып отырған кезеңде мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсеті стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзудің алдын алу бойынша 1283 шара қабылданған.

Барлығы 2013 жылы мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша 755 семинар-мәжілістер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілген.

Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 333 рет қатысқан, оның ішінде телеарналарда – 49, радиода – 2, газеттер мен өзге де баспа шығарылымдарында – 282 рет.  

ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында «мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бақылау жүргізіліп тұрады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының 2012 жылдағы қызметінің тиімділігін бағалау бойынша қорытындыға сәйкес облыс 53,6 балл жинап, рейтинг бойынша облыстар әкімдіктері арасында 5 орынға ие боды (2011 ж. -53,28 балл (6 орын), 2010 ж. – 47,76 балл (12 орын).

Осы Бағалау жыл сайын жаңартылып отырады, 2013 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентті төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 06-7/172 және ҚР ККМ 2013 жылғы 30 қарашадағы № 964 бірлескен бұйрығымен жаңа Әдістеме бекітілді.

Аталған көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бақылауда тұр.

Халыққа мемлекеттік қызмет ұсыну процесінің сапасын арттыру мақсатында Өскемен қаласы № 1 ХҚКО-да ШҚО атқарушы билігімен халық арасында бейне-өтініш көмегі арқалы екі жақты байланыс ұсынатын «Диалог»    бейне-өтініштер  ақпараттық жүйесі енгізілген. Аталған жүйені облыстың әрбір аудан орталығында енгізу бойынша ары қарайғы жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың холлында азаматтардан оларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы интерактивті сауал алу үшін сенсорлы монитордан тұратын «Мемлекеттік қызмет сапасы мониторингінің электрондық жүйесі» орнатылған.

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес қызмет алушылар құжаттарды алу кезінде көрсетілген мемлекеттік қызметке өз бағасын көрсете алатын Мемлекеттiк қызметтер көрсету карточкасы енгізілген.

Облыс әкімінің сайтында халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау үшін әлеуметтік сауалдар ұйымдастырылған.

Компютерлік сауаттылықты арттыру аясында халықты электрондық мемлекеттік қызмет алу дағдыларына оқыту бойынша семинарлар ұйымдастырылған, жылдың аяғына дейін 9 000 астам адамды оқыту жоспарлануда. 

Халыққа «электрондық үкіметті» енгізу және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес беру үшін өңірде «Call-орталығы» (т.203-300) ашылған. 

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.02.2016 /