Меморганның қызметі туралы есеп

Облыстық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2017 жылғы қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес аймақтың жергілікті атқарушы органдарымен 2017 жылғы қарашасынан бастап мемлекеттік қызметтердің 191 түрі көрсетіледі (2016 ж. – 175, 2015 ж.-165, 2014 ж. -131, 2013 ж.-78).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамдығы (2017 ж.-114, 2016 ж.-65, 2014 ж.-48, 2013г.-24) және «электрондық үкімет» порталы (2017 ж.-84, 2016 ж.-74, 2014 ж.-62, 2013 ж.-36) арқылы көрсетілетін қызметтердің тізілімі кеңейтілді.

2017 жылдың ішінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына 3 749 467 қызметтің түрі көрсетілді, соның ішінде мемлекеттік органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы баламасыз қызметтер бойынша - 679 332.

Баламалы қызметтер бойынша мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдары арқылы 2 411 012 қызметтің түрі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы 173 048 қызметтің түрі көрсетілді. Электронды түрде - 486 075 (ЭҮП – 52 681, Е-лицензиялау – 5 756, ақпараттық жүйелері – 167 859). 2017 жылы электрондық түрінде көрсетілетін қызметтердің үлесі 15,8% (2016 жылы - 6,57%) құрады, өткен кезеңнен 9,23% жоғары.

Ішкі бақылау барысында 225 бақылау іс-шаралары өткізілді, 4084 бұзушылық анықталды. Нәтижесінде әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке 59 лауазымды тұлға тартылды.

2017 жылы ҚР АКМ жүйеден алынатын деректері бойынша 30 мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерінің бұзу анықталды (2014 жылы - 9002, 2015 жылы - 198, 2016 жылы - 59).

«Электрондық үкімет» порталы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін аймақтардың қызмет берушілері бөлісінде коэффициент шығарылды (ай сайынғы бақылауға алынды), 429 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылды, сонда өздігінен электрондық қызметтерді және ЭЦҚ алуға өтініш рәсімдеу үшін кеңес жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы жүйесін жетілдіру, бизнес-процесстерді жеңілдеті, қызмет алушылармен кері байланысын тәртіпке келтіру мақсатында 2017 жылы 5 жоба іске асырылды:

1. 20 мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерін реинжинирингілеу.

БПР үшін пайдаланылатын әдістеме 2016 жылы халықаралық сарапшы Юджин Стакпол (Eugene Stackpole) әзірлеген Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерін реинжинирингілеу барысында алдын ала талдауды өткізудің әдістемелік ұсыныстарына негізделген.

Осы жоба Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесстерін оңтайландыру бойынша жол картасымен әзірленді.

2. Электрондық үкімет порталы, Мемлекеттік корпораци арқылы мемлекеттік қызметтер алу рәсімін жылжыту бойынша PR-стратегия әзірленді.

Электрондық қызмет көрсетуді көпшілікке таратудың Жол картасы әзірленуде. Абрала аймағының Қайнар ауылы сынақтан өткізу арқылы шалғайдағы ауылдық округтердің тұрғындарымен электрондық нысанда қызмет көрсетудің жобасы іске асырылуына дайындалуда.   

3. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет алудың қанағаттандыру деңгейі мен халықтың қажеттіліктерін бағалау.

Өткізілген талдаудың негізінде, қызмет көрсету процесстері ең көп деңгейде оңтайландыруға мұқтаж қызметтердің тізілімі құрылды.  

4. Негізгі тізілімге қосу үшін жасырын мемлекеттік қызметтердің анықтау әдістемесі әзірленді.

Әдістеменің жобасы 2017 жылғы 30 қазанда Назарбаев Университетінің базасында (Астана қ.) Агенттіктің аумақтық бөлімшілерінің және барлық облыстардың әкімдіктерінің өкілдерімен мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру мәселесі бойынша семинарында ұсынылды.

5. Электрондық қызметтер орталығы интернет-ресурсын жетілдіру және мобильді қосымшаны енгізу арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандыру деңгейін анықтаудың автоматтандырылған процессі. 

Порталда тек ғана мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпарат (стандарттар, регламенттер) орналастырылмайды, сонымен қатар аймақтың барлық қызмет берушілердің, ауылдық округтерді қоса алғанда,  географиялық орналасқан жерлері (ГАЖ) де көрсетіледі. Ақпараттың қолжетімділігі мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын 5 балдық шкаласы бойынша бағалау модулі әзірленді (http://e-vko.gov.kz), Android и iOS операциялық жүйелерімен жабдықтарда (смартфон, планшет) мобильді қосымша жұмыс істейді.

Есептік деректерді енгізу рәсімін жеңілдету үшін 2017 жылы облыс әкімінің Ахуалдық орталықта «Мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау» модулі (http://cloud.e-vko.kz) іске қосылды, енгізілген деректердің қорытындысы бойынша есеп (Excel нысанында жүйеден алынатын деректер) автоматты түрде қалыптастырылады.

 Облыстық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2017 жылғы қызметі туралы есеп 


 Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2016 жылғы қызметі туралы есеп

 Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы қызметі туралы есеп

 Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есеп

 Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2013 жылғы қызметі туралы есеп

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.09.2014 / 08.02.2018