Государственные услуги

Мемлекеттік қызмет

Атауы: Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы

Стандарт: құжат

Регламент: құжат

Бизнес-процестер анықтамалығы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ  

Қызмет көрсететін орын

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық бөлімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) республикалық мүлікті қабылдау бөлігінде –Комитет, Комитеттің аумақтық бөлімшелері арқылы;

2) коммуналдық мүлікті қабылдау бөлігінде– коммуналдық мүлікті есепке алу саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті ЖАО-лардың құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет алушылар

жеке, заңды тұлғалар

Қызмет көрсеті уақыты

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай;

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде – 5 (бес) ай;

болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 2 (екі) ай;

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде, болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 4 (төрт) ай;

болашақта мүліктің қабылдау-беру актісіне қол қою үшін – 2 (екі) ай;

2) кезекте күтудің рұқсатберілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудіңрұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Қажет құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныс;

құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер пайдалану құқығы актісі (жалдау, меншік шарттарында), техникалық паспорт (жылжымайтын мүлік, автомашиналар), меншік құқығын тіркеу туралы деректер);

берілетін мүлікке құны туралы деректер (теңгерімнен үзінді немесе бағалау туралы есеп);

мемлекеттік емес заңды тұлғалар:

құзыретіне Жарғыға сәйкес мүлікті иеліктен шығару, оның ішінде оны мемлекеттік меншікке беру мәселелері жататын мемлекеттік емес заңды тұлға органының шешімі.

Қызмет құны

тегін

Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).

 Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, тиісті жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - әкімдік) басшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда некөрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, министрліктің, әкімдіктің кеңсесінде күні мен уақытын, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің,министрліктің, әкімдіктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;

2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиістіжергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған.

Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.



Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.10.2014 / 15.02.2017