2017 жылдың 1 маусымында Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі өтеді

Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың өңірлерде видеоконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.
Есептік кездесу2017 жылы 1 маусымдасағ.11-00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.
Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды 8(7172) 786862, 786884, немесе электрондық мекенжайға a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz жолдауыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 28.04.2017 / 02.05.2017