Бюджет

2018 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2018 жылы облыс бюджетіне 332 609,3 млн.теңге болжаммен  333 789,7 млн.теңге кірістер түсті, соның ішінде 207 235,7  млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.

Меншік кірістер 106 627,4 млн.теңге жоспарланып, 109 648,0 млн.теңге орындалды, асыра орындалу 3 020,6  млн.теңгені құрады.

2018 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен субвенцияларды ескере отырып, барлық деңгейлер бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 272 135,1 млн.теңге жоспарланып, 267 734,0 млн.теңге жұмсалды, орындалу 98,4 %.-ды құрады.

Облыстың мемлекеттік мекемелерді ағымдағы ұстауға 200 500,1 млн.теңге жұмсалды, даму бюджеттік бағдарламаларына  - 64 233,9 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 110 620,2  млн.теңге жұмсалды немесе 99,9%-ға орындалды, оның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 11 218,9 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 67 213,4 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру  профильді мектептер,  мектептер-балабақшаларға –  63 032,9 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 2 399,2 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға  жалпы білім беруге – 1 781,3 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге және оқыту  –  10 552,1  млн.теңге.

Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде облыстық бюджеттен ағымдағы кезеңге жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстауға 1 527,4 млн.теңге бағытталды, яғни 100%  құрайды.

Облыстың денсаулық сақтау бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша  атқару 11 508,9 млн.теңгені немесе 94,1%-ды құрады. Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша қызметтерді төлеуге 434,3 млн.теңге жұмсалды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 892,1 млн.теңге, салауатты өмір салтын насихаттауға – 149,4  млн.теңге, ЖҚТБ алдын алу және онымен күрес жөнiндегiіс-шараларды іске асыруға – 140,6 млн.теңге, денсаулық сақтау саласында ақпараттық-талдамалық қызметтерге – 85,7 млн.теңге, азаматтарды емделуге тегін және жеңілдікті жол жүру қамтамасыз ету  - 48,7  млн.теңге, денсаулық сақтау ұйымдарының толық шығынына – 5 028,8 млн.тенге.

Жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі –189,1 млн.теңге,  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 1 498,7 млн.теңге,  жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға  әлеуметтік көмекке – 1 670,9 млн.теңге қарастырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде  еңбек нарығын дамыту  бойынше игеру 99,7 % құрады.

Білім беру объектілерінің құрылысына 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 3 769,7  млн.теңге жоспарланды, оның есебінен Үржар, Аягөз аудандарындағы және Өскемен, Риддер қалаларындағы орта мектептер құрылысына жұмсалды. Есеп беру кезеңінде атқарылу 3 768,4 млн.теңге немесе 100%-ға игерілді.

Коммуналдық шаруашылыққа республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2018 жылы 13 454,8 млн.теңге бөлінді, 13 436,6 млн.тенге (атқарылу 99,9%), қалалар мен аудандардың сумен қамту жүйелерін дамыту үшін облыстық бюджеттен 5 458,5 млн.тенге бөлінді (атқарылу 99,1%). Есептілік мерзімде республикалық және облыстық бюджеттен қаражат қалдығы 63,2 млн теңгені құрады, оның ішінде: 31,9 млн.тенге – Күршім ауданының Боран ауылында су жүргізу желісінің құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары бойынша келісімшарт сомасынан 5% төленбеген, 11,1 млн.тенге – Зайсан ауданы Шілікті ауылында ауа-райының қолайсыздығы салдарынан су жүргізу желісінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ;                  6,4 млн.тенге – Көкпекті ауданындағы  Преображенка,  Тассай, Кокпекты, Кокжыра ауылдарында су құбыры желісі құрылысына ЖСҚ жасау бойынша мемлекеттік сараптама алынған жоқ, 5,0 млн.тенге – Тарбағатай ауданы Екпін ауылындағы су құбыры желісін қайта жөндеу бойынша конкурстың өткізілмеуіне байланысты , 4,3 млн.тенге – «Глубокое ауданы Уварово,Тарханка ауылдарындағы сумен қамту жүйесі құрылысына» ЖСҚ жасау бойынша ҚҚС сомасының қалдығы, 2,5 млн.тенге -  Катон-Қарағай ауданы Ақсу ауылындағы су жүргізу желісі мен бөгетін қайта жөндеу бойынша, 2,3 млн.тенге – Семей қаласы Смычка к. су бөгеуін қайта жөндеуге ЖСҚ мемлекеттік сараптамасын өткізу бойынша.

Тұрғын үй құрылысы шаруашылығына республикалық және облыстық бюджеттен 23 947,4 млн. тенге жоспарланды, 23 799,1 млн. тенге игерілді, осы қаражаттың есебінен коммуналдық және ипотекалық үйлер, сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым  құрылысы жоспарланды. Есептілік мерзімде қаражат қалдығы 148,3 млн.тенге құрады, оның ішінде : 56,2 млн.тенге – Өскемен қаласында 19 тұрғын ауданында (тұрған үй  117-118 поз.) инженерлік желісі бар көп қабатты тұрғын үй кешені құрылысы бойынша келісімшарт міндеттемелерінің орындалмауы, 28,6 млн.тенге - Өскемен қаласында 19 тұрғын ауданында (тұрған үй  58/1 поз.) инженерлік желісі бар көп қабатты тұрғын үй кешені құрылысы бойынша келісімшарт міндеттемелерінің орындалмауы, 3,2 млн.тенге - Өскемен қаласында 19 тұрғын ауданында (тұрған үй  54/1 поз.) инженерлік желісі бар көп қабатты тұрғын үй кешені құрылысы бойынша келісімшарт міндеттемелерінің орындалмауы, 52,7 млн.тенге – Өскемен қаласындағы Революционная, 2/2  көшесі мекенжайы бойынша 250 орындық бала-бақша құрылысының конкурстық іс-шараларының орындалмауына байланысты. Инженерлік желілер және жайластыру; 1,3 млн.тенге –"Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында 50 орындық шағын отбасыларға арналған жатақхана құрылысы " бойынша ЖСҚ жасау бойынша мемлекеттік сараптама алынған жоқ, 2,8 млн.тенге- " Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында  он қоспәтерлі тұрғын үйлерді электрлік қамтамасыз ету" бойынша ЖСҚ жасау бойынша мемлекеттік сараптама алынған жоқ ,  " Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында  он жеке қоспәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілер мен жайластыру құрылысы " ЖСҚ.

Көлік және коммуникацияға республикалық және облыстық бюджеттен  10 691,8 млн.тенге жоспарланды, оның ішінде  Семей қаласы әуевокзалының жасанды ұшып-қону жолағының, жермен жүру жолдарының қайта жөндеу жұмыстарына  , Күршім ауданында "Акжайляу-Урунхайка" бөлімшесі "Теректы-Урунхайка-Тоскайын" көлік жолдарының қайта жөндеу жұмыстарына.  Есептілік мерзімінде 99,2% атқарылды, қалдық 81,6 млн.тенге, оның ішінде: 51,8 млн.тенге – Өскемен қаласында Протозанова көшесінің Даңқ мемориалынан бастап Орджоникидзе көшесі жақтауында Үлбі өзені арқылы көпірге дейін қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша актісі жоқ, 6,2 млн.тенге – Өскемен қаласында «Абай даңғылы мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысындағы жерүсті өткелі» нысан бойынша актісі жоқ, 8,5 млн.тенге – Өскемен қаласы әуежайының әуепортын қайта жөндеу " ЖСҚ жасау бойынша үнем, 5,0 млн.тенге – Қ.Сәтпаев даңғылының  Жібек жолы көшесінен К.Маркс даңғылына дейін қайта жөндеу жұмыстары бойынша, 6,7 млн.тенге – Ұлан ауданы Саратов кентінде индустриалдық балық өсіру кешеніне кірме жол құрылысы бойынша техникалық қадағалау төленбеген.

Жылу энергетикалық жүйені дамытуға 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен Семей қаласына 1 580,5 млн.теңге сомасында трансферттер жоспарланды. Есеп беру кезеңінде 100%-ға игерілді.

Республикалық бюджет қаражаты 31,5 млн.тенге орындалған жоқ (атқарылу 99,9%), оның ішінде 14,3 млн. тенге – үнем, 17,2 млн. тенге – Тарбағатай ауданы Екпін ауылында (5,0 млн.тенге), Катон-Қарағай ауданының Ақсу ауылында(2,5 млн.тенге), Күршім ауданының Боран ауылында су жүргізу желісінің құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары бойынша сот талқылауларымен, жеткізушілермен тауардың мерзімінде жеткізілмеуі және келісімшарт шарты бойынша 5% шегерілуіне байланысты.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 17.11.2015 / 21.02.2019