Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі

(ары қарай – Қоғамдық қабылдау бөлмесі)

Қоғамдық қабылдау бөлмесі дегеніміз не?

Қоғамдық қабылдау бөлмесі – бұл тұрғындарға ақпаратты-анықтамалық мінездегі кеңес беру бойынша және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары қызметтеріне қатысты сұрақтарын жедел шешуде жәрдем көрсету бойынша әлеуметтік маңызды жоба.

Жобаның бастаушысы:

Қоғамдық қабылдау бөлмесі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кежетайұлы Ахметовтың бастамасы бойынша құрылды.

Жобаның міндеті:

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табысын және өмір сүру сапасын көтеру»Қазақстан халқына жолдауына сәйкес) аймақ тұрғындарының билікке деген сенімін тұрғындарға қызмет көрсету сапасының деңгейін жақсарту және қоғам мен мемлекет арасындағы қашықтықты қысқарту жолы арқылы бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаттары:

1) Шығыс Қазақстан облысының орындаушы билігінің органдарына (ары қарай – мемлекеттік органдар)«бір терезе» принципі бойынша ыңғайлы өтініш беруін ұйымдастыру ол әр түрлі инстанцияларға еріксіз жүруді жояды; жеке және заңды тұлғалардың (ары қарай – өтініш беруші) уақытша және қаржылық шығындарын төмендету, мемлекеттік органдарға өтініш беруінің процесін жеделдету және оңайлату есебінен, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою және тұрғындармен кері байланыс жүйесін құру;

2) мемлекеттік органдардың қызметтеріне қатысты ақпараттарды берудің сапасын және қол жетімділігін арттыру.

Жобаның бірегейлігі:

Республикада өмірлік жағдайларды шешуде тұрғындарға қызмет көрсету бойынша осындай жобалардың бірнешеуі жұмыс істейді, бірақта Қоғамдық қабылдау бөлмесі барлық қолданыстағылардан тиімді ерекшеленеді.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың әр түрлі көздерден келіп түскен өтініштерін бірыңғай ақпараттық жүйеде шоғырландырады, ол өз қатарында барлық өтініштер бойынша нақты статистикасын меңгеруге, өтінішті уақытылы қарастыруын немесе қарастырмау, әлеуметтік желілерде елемеу және т.б. жағдайларын алып тастауғамүмкіндік береді.

Бұнда азаматтардан келіп түскен өтініштерге бірыңғай талдау жасау жүзеге асырылады, өтініш берушімен тұрақты кері байланыс ұстанылады, талқылау және адамдарға облыстың мемлекеттік органдары қызметінің нақты шаралары және нәтижелері түсіндіріледі.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ақпараттық жүйесіне бүгінде 303 мемлекеттік орган, 768 қызметкер қосылған.

Өтініш берудің тәсілдері:

Шығыс Қазақстандықтарға өтініш беру тәсілдерінің кең таңдауы ұсынылған.

Байланыс-орталық 1331(жедел желі типі бойынша арнайы телефон желісі бөлінген): 1331 төрт санды телефон нөмірі бойынша өтініш облысымыздың кез келген елді мекеніндегі стационарлық телефондарынан және ұялы телефондардан тегін қабылданады. Өтініш берудің уақыты: дүйсенбіден жұма аралығында сағат 08:00 ден 20:00 дейін оператор қабылдайды, жұмыс уақыты емес, демалыс және мейрам күндерінде автожауапбергіш арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.

www.1331.kz порталы: өтініш «Өтініш беру»түймесі көмегімен беріледі. Өтініш беру уақыты: 24/7.

Әлеуметтік желілер: Қоғамдық қабылдау бөлмесі келесі әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар - Facebook, Instagram, Telegram, YouTube, ВКонтакте, Одноклассники. Өтініш беру уақыты: 24/7.

Ескертпе: өтініштерді тіркеу тек жұмыс уақытында ғана жүзеге асырылады.

Ұялы қосымшалар: өтінішті сондай ақ  +7-777-056-1331 және  +7-771-202-20-02 нөмірлеріне орнатылған WhatsApp ұялы қосымшасы арқылы беруге болады. Өтініш беру уақыты: 24/7.

Ескертпе: өтініштерді тіркеу тек жұмыс уақытында ғана жүзеге асырылады.

Өз «Digital East» ұялы қосымшасы:Қоғамдық қабылдау бөлмесінің облыс тұрғындары және қонақтарын жедел хабардар ету жүйесі және көптеген қызмет түрлеріне қол жеткізу ұялы қосымшасы бар. Оның өз телефоныңызда болуымен кез келген уақытта қашықтықта бірнеше рет басу арқылы өтініш құруға және оны Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жіберуге (қандай мемлекеттік орган жауап беретіні көрсетілмеген жағдайда да) және жауап алуға болады. Өтініш беру уақыты: 24/7.

Жеке қабылдау: кеңес алуға немесе әкімдікке, облыстық басқармаларға сұрақ қою үшін Қоғамдық қабылдау бөлмесінің фронт-кеңсесіне келуге болады, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1 мекен жайы бойынша орналасқан (ШҚО әкімдігімен «Юбилейный» кинотеатырының арасында орналасқан әкімшілік ғимарат). Фронт-кеңсенің жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұма аралығында сағат 08:00 ден 20:00 дейін.

Жазбаша өтініш: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1 070004 мекен жайы бойынша жіберіледі.

Ақпараттық жүйелер:«Бақылау», «Электронды қызметтер орталығы» (виртуалды қабылдау бөлмесі).Өтініш беру уақыты: 24/7.

Бұл қалай жұмыс істейді:

Мемлекеттік органға өзіңіздің өтінішіңізді жіберу үшін (үндеу, шағым, ұсыныс, өтініш, сұраныс) өтініш берушіге жай ғана Қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласу қажет.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі өз кезегінде:

1)    өтінішті қабылдайды, нұсқаулық, нақтылайды және тіркейді;

2)    өтінішті құзыреті бойынша облыстың мемлекеттік органына жібереді;

3)    өтінішке заңды түрде қойылған мерзімде жауап берілуін қадағалайды;

4)    қажетті жағдайда өтінішке мемлекеттік органның жауабының электронды көшірмесін қайталайды;

5)    өтініш берушіден өтінішінің қарастырылуының қорытындысы қанағаттандырама нақтылайды.

Қарастыру мерзімдері

Қарастыру мерзімдері барынша қысқартылған және заңмен қойылған 15 күннің орнына тіркелгеннен бастап 10 күнтізбелік күнді құрайды.

Егер қарастыруға өзгеде субъектілерден қосымша ақпарат қажет болса – 22 күнтізбелік күн.

Өтініштің сыншылдығына байланысты мерзімдер барынша қысқартылуы мүмкін.

Кері байланыс

Өтініш беруші жауап алғаннан соң, өтініш берушіден қорытындымен қаншалықты қанағаттандырылғаны сұралады.

Кері пікір жағдайында басшыдан алгоритмнің нақты қарастырылуы жүргізіледі.

Өтініштің трекингі:

Өтініш беруші өзінің өтінішінің қарастырылуын портал арқылы көруіне болады.

Сондай ақ қарастырылу мәртебесінің өзгеруі туралы ақпарат жүйемен автономды тәртіпте өтініш берушінің электронды поштасына (өтінішті тіркеу кезінде көрсетілген жағдайда) жіберіледі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.02.2019 / 23.04.2019