Астана Хаб

Астана Хаб құзыреттілі бойынша ақпарат

Инновациялық қызметті дамыту және стартап-экожүйені жетілдіру мақсатында ЭКСПО-2017 базасында қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдайлар жасалған «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі қызмет атқарады.

2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Astana Hub қатысушыларға жеңілдікті салық режимін белгілейтін «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды, ол тіркелген қатысушыларды бірқатар негізгі салықтарды төлеуден босатады:

• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) (ҚР СК 293 б. 4-3 т.);

• Қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) тауарларды сатудан (өндірілген және сатылған) түскен табыс үшін алынатын, мен қызметтер              (ҚР СК 394 б. 45, 46 т.), сондай-ақ белгілі бір тауарлардың импорты үшін ҚҚС (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 10/НҚ бұйрығы), ҚР СК 373 б. көрсетілген ҚҚС;

• Технопарк қатысушысының қызметкерлері төлейтін жеке табыс салығы (ҚР СК 381 б. 1 т. 50 т.);

• ҚҚС немесе ЖТС Қазақстан Республикасында резидент ақылы табыс көзі (ҚР СК 644 б.), роялти (ҚР СК 644 б.);

• Технопарк қатысушыларынан алынған дивидентер Технопарк қатысушылардың құрылтайшыларының жылдық жиынтық кірісі сомасынан жойылады  (241 б. т.2 т.2 ҚР СК), акция құнының өсуі  немесе Технопарк қатысушыларының үлестерінің  сомасына табыс салығын сомасы кемітіледі (б.288 т.2 т.11 ).

• Резидент еместердін салық салуы Технопарк қатысушыларынан алынған дивидентер және акция құнының өсуі  немесе Технопарк қатысушыларының үлестерінен 5 процент салық ставкасымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ ҚР СК 645 б. 9т. 4т. көзделген талаптарды орындалуы жағдайында Технопарк қатысушыларынан дивидентер алынған үшін КТС төлемдерінен босатуына  мүмкіндігі бар.

• 2020 жылы ҚР СК 484 б. өзгеруі резидент емес қызметкерлерге әлеуметтік салық төлеуден босатуға мүмкіндік береді.

 

Бұдан басқа, Astana Hub қатысушыларына қатысты шетелдік жұмысшыларды тартуға айтарлықтай жеңілдік қарастырылған:

• шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болмауы;

• жұмыс визасының жарамдылығы - 5 жыл.

Astana Hub қатысушылары үшін тіркеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

 

  Кезең  Аяқталуы Нәтиже
1 Потенциалды қатысушының қосымша құжаттардың толықтығына, олардың талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ әлеуетті қатысушылардың критерийлеріне сәйкестігіне өтінішін қарау.  5 жұмыс күні Пысықтауға қайтару
  Комиссияға жолдау
2   Комиссия мүшелерінің жобаның АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне* сәйкестігі үшін тексеруі.   5 жұмыс күні Тіркеуге қабылдамау
  Тіркеу туралы оң шешім
Тіркелген қатысушыға келісім шартты және куәлікті дайындау, оларға қол қою және жеткізу, тізілімге қатысушы туралы ақпаратты енгізу, ресми сайтта жариялау. 5 жұмыс күні Шығарылған куәлік, қол қойылған келісім шарт, жарияланған тізілім.

Қатысушыларды іріктеу критерийлері, құжаттар тізімі, тіркеу туралы толығырақ ақпаратты www.astanahub.com сайтынан «Қатысушы бол» бөлімінен алуға болады.

Тіркеуге қабылдамау

Тіркеу туралы оң шешім

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.07.2019 / 10.07.2019