Тарихи және мәдени ескерткіштер

Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі

Аблайкет

Тарихи және мәдени ескерткіштер“Аблайкет” ғибадатханасының үйінділері 1654 жылғы сәулет өнері ескерткіштері болып табылады және республикалық маңызды ескерткіштер тізімінде мемлекеттік есепке алынған. Ескерткіш Ұлан ауданы, Никитинка ауылынан 15 километрде, Аблакетка өзені бойында орналасқан.

Аблайкет –бекітілген ламаистік ғибадатхана. Оның құрылысы 1654 жылы басталған. Осындай ғибадатханалардың пайда болуы 17 ғасырда ойрат феодалдарының басып алған жерлерге жүргізген саясаты және Ресейден қытайға шығатын сада жолдарына бақылау орнатуымен түсіндіруге болады. Біздің өлкеге келген көптеген зерттеушілерді жоңғарлардың “Аблайкет” бекініс-монастры қызытырды. Бұл бекіністің құрылысы туралы алғаш рет Аблай ханның қыстағында қыстап шыққан Федор Байков хабарлаған-ды. 1735 жылы орыс геодезисі Василий Шишков ғибадатхананың сұлбасы мен алғашқы жоспарын жасады. Осы жерде Петербургтегі Азиаттар мұражайының алғашқы жәдігерлерін құрған қолжазбалар табылды.

Аблайкет бастапқыда сланцтік плиталардан қаланған және биіктігі 3-5 метрлік, ені 3 метрлік балшық езбемен гранит қоспалары қосылған бесбұрышты ғимарат болды. Қалдықтары бүгінгі күнге дейін сақталған тас қамалмен қоршалған және көптеген кірпіш сынықтары араласқан сары топырақты тікбұрышты биіктік. Өсімдік типтес өрнектері бар домалақ балшықтан жасалған сынықтар да кездеседі. Кейбіреулерінің түсі ашық көгілдір, жасыл, және қызыл көпіршікті келеді.

Негізгі биіктіктен 30 метр солтүстік-батысқа қарай 2 үлкен шұңқыр бар: жартылай домалақ ордың ішінде гранит қадлықтары, алдыңғы щұңқырда оттық іздері бар граниттердің қалдығы сақталған Ламалар мен белгілі тұлғалардың тұрғын үйлері қатты шаң басқан қисық төртбұрышты түрдегі биіктік.

Биіктік топырақ пен бірге күрең және қызыл кірпіштер қалдықтарынан тұрады. Басқа жерінде ішкі қабырғаларының ізі қалмаған. Бекініс қабырғалары граниті басым сланцті плиталардан өрілген. Бекіністің солтүстік-шығысында терең үңгір іспетті қуыс бар. Мұнда ұзақ от жағылғандықтың белгісін көруге болады. Қабырғасы тегістелген. Бақылау пунктінің нобайына келеді. Сақталған қабырғалар биіктігі 2 метрге жетеді. Қабырғалардың 3 метр болғандығы байқалады, оны гранитты ірі тастардан салынған жанындағы екі метрлік биіктіктен байқауға болады.


 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 20.02.2017