Кино

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КИНОБЕЙНЕЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ

Құрылған жылы – 1939 ж.

Қызметінің бағыттары, негізгі экономикалық көрсеткішкері:

ШҚ облыстық кинобейнелерді жалға берудің негізгі қызметі – кинотеатрларға, кино қондырғыларына, тұрғын халыққа кинофильмдер мен бейнетаспаларды жалға беру, сондай-ақ фильмдерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары, фильмдер қорын сақтау және отандық, шетелдік фильмдермен толықтыру. Облыстық кинобейнелерді жалға берудің фильмдер қорында әр алуан тақырып пен жанрдағы 9000 ғылыми-көпшілік, деректі және көркем фильмдер сақталуда. Бейнехана қорын 2000-ға жуық деректі, көркем бейнефильмдер құрайды. Фильмдер қорында «Қазақфильм» киностудиясының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 123 кинофильмі және қазақ тіліне аударылған шетелдік 300 кинофильм бар. Жуықта фильмдер қоры «Қазақфильм» киностудиясының «Десант», «Три брата», «Счастье Кадыра», «Остров дракона», «Шанхай» атты жаңа фильмдерімен толықты. Облыстық кинобейнелерді жалға беру кәсіпорнында мемлекеттік мейрамдар мен айтулы күндерге тақырыптық көрсетілімдер таңдалып алынады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-жылдығына арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тақырыптық көрсетілім, Қазақстандағы Ауыл жылдарына арналған фильмдердің тақырыптық көрсетілімі, «Салауатты өмір салты үшін» кинофестивалі. Кәсіпорын ұжымы жастарды кино арқылы тәрбиелеуге өте көп мән береді. Өскемендегі 5518 әскери бөлімде кинодәрістер мен киновикториналар өте сәтті өтеді. Фильмдер қоры – бұл Шығыс Қазақстанның ұлттық байлығы, оның мәдени мұрасы. Облыстық кинобейнелерді жалға беру кәсіпорнының негізгі міндеті – фильмдер қорын сақтау және толықтыру, облыстағы киноқондырғылар санын көбейту.

Жетістіктері: 1950 жылға дейін Өскенменде Республикалық кинобейнелерді жалға берудің Алматы бөлімшесі болды. 1950 жылдан кинофильмдерді жалға берудің Шығыс Қазақстан облыстық кеңсесі ашылды. 55 жыл ішінде 9000 деректі және көркем фильмдер, соның ішінде «Қазақфильм» киностудиясының «Біздің сүйікті дәрігер», «Ботагөз», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Мәншүк туралы ән», «Әлия» және т.б. фильмдері сақталуда. Фильмді қалпына келтірушілер мен тексерушілер күн сайын кинофильмдерді жөндеп, қалпына келтіріп отырады. 2004 жылы 889, ал 2005 жылдың I тоқсанында 216 фильм көшірмелері қалпына келтірілді. Ең тәжірибелі қалпына келтіруші – Паршутина Ольга Романовна, оның облыстық кинобейнелерді жалға берудегі еңбек өтілі 22 жыл. Кинофильмдерді жөндеумен айналысатын қызметкерлер қалпына келтіру машиналары және киноаппаратуралармен қамтамасыз етілген.

Туров Эдуард ФедоровичБасшы туралы мәліметтер: Аты-жөні: Туров Эдуард Федорович

Туған жылы: 1947 ж. Ұлты: орыс Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Өмірбаян. Мен, Туров Эдуард Федорович, Шығыс Қазақстан облыстық кинобейнелерді жалға беру кәсіпорнының директорымын. Қазақ КСР Мемлекеттік киносының 20.09.1985 ж. № 180 бұйрығымен облыстық кинобейнелерді жалға беру директорының орынбасары, 17.03.1986 ж. № 116 бұйрығымен директор қызметіне тағайындалдым. 1964 жылы Өскемендегі № 11 орта мектебінде мәдени-ағарту қызметкері мамандығын және біліктілік куәлігін алдым. Білімім жоғары, 1969 жылы Өскемен пединститутының тарих факультетін бітірдім. Жоғары оқу орнына түспес бұрын «Мир» кинотеатрының киномеханигі ретінде еңбек жолын бастадым. Пединститутты бітіргеннен кейін 1969 жылдан 1973 жылға дейін Өскемен қаласындағы № 1 мектепте тарих пәнінен сабақ бердім. 1973 жылдың 6 маусымынан «Октябрь» кинотеатрының директоры қызметіне ауыстым. 1985 жылы мені ШҚ облыстық кинобейнелерді жалға берудің басшы лауазымына ауыстырды. Кино саласындағы 30 жыл тынымсыз еңбек, іздену жылдары болды. 1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының курсын, 1990 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік киносының біліктілікті арттыру курстарын «үздік» бітірдім. Менің басшы ретіндегі негізгі міндетім – фильмдер қорын жөндеу, қалпына келтіру, сақтау, жаңа фильмдер және бейнефильмдермен толықтыру, кинофильмдерді жалға беру, киноқондырғыларды фильмдермен және қосалқы бөлшектермен жабдықтау үшін келісімшарттар жасау, фильмдер қорының сандық және сапалық жағдайына есеп жүргізу, тұрғын халыққа бейнефильмдерді жалға беруді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының айтулы күндеріне кинофестивалдер дайындау. Отбасы жағдайы – үйленгенмін. Менің құштарлығым әдебиет пен өнер әлеміне жатады: музыка, кино, театр.

ШҚ облыстық кинобейнелерді жалға беру директорының лауазымдық міндеттері

Облыстық кинобейнелерді жалға берудің директоры кәсіпорын Жарғысының негізінде ШҚ облыстық кинобейнелерді жалға беру қызметінің барлық түрлеріне басшылық жасайды. Кәсіпорынның қызметін фильмдер мен бейнефильмдер қорының сақталуын қамтамасыз етуге бағыттайды. Кинофильмдер мен бейнебағдарламаларды сатып алу арқылы кинобейне қорын үнемі толықтырып отырады. Ғылыми-көпшілік, деректі, көркем және оқу фильмдерін насихаттау мен жарнамалауды ұйымдастырады, облыстық мәдениет мекемелеріне көпшілік шараларды өткізу үшін әдістемелік көмек көрсетеді. Бюджет қаражатын барынша үнемді жұмсауды, тиімді және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды білікті мамандармен қамту және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау үшін тиісті шаралар қолданады. Мемлекеттік мүдде мен еңбек тәртібін қатаң сақтау жөнінде мамандармен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді, әрбір қызметкердің оған міндеттелген жұмыс пен ұжымдық жұмыстың қортындысы үшін жауапкершілігінің артуын қамсыздандырады. Бас бухгалтермен бірге штаттық кестені, төлемдер мен міндеттемелер бойынша жоспарлар құруға қатысады. Облыстық кинобейнелерді жалға беру кәсіпорнының тұрғын-жайына жөндеу жұмыстарын жүргізеді, кино қорының сақталуына техникалық жағдай жасайды. Оған берілген құқық шегінде барлық мәселелерді шешеді және құзіретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуді бөлімшелерінің тиісті басшыларына тапсырады.

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі сағ. 15 -дан - 17 дейін
Телефон: (7232) 53-16-94 Факс: (7232) 53-16-48

 

Кино
Кино

 

Шығыс Қазақстан облысының негізгі облыстық киноорталықтарының жұмысы туралы

"Юбилейный" кинотеатрыОблыстың Өскемен қаласында екі негізгі киноорталық жұмыс істейді: "Юбилейный" және "Эхо"кинотеатрлары.

"Юбилейный" кинотеатры – бұл арнайы киножобалық көрсетілім үшін жасалған, күрделі инженерлік құрылыс. 1967 жылы құрылып, кинотеатр бірден қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналды, және облыс кинопрокатында алғашқы орынға мықтап иеленді. Кинотеатр ауыр дағдарыстан өтіп, өзінің қажеттілігіне көз жеткізді. Бүгін "Юбилейный" кинотеатры – бұл қала зиялылығының символы, халықаралық достастықтың символы және қоғамның рухани денсаулығын жақсартуының көрінісі.
"Мунира" ЖШС соңғы бес жылда жүргізілген бірқатар жөндеулер, кинотеатрға дүниежүзілік сапа стандартын қамтамасыз етті.  "Юбилейный" кинотеатрында "Лукас Фильм" лабораториясымен құпталған, бүгінгі күнгі ең керемет кинотеатрлық жабдықтар орнатылған.  
·  Dolby Digital Surround EX дыбыс жабдығы – бірге қатысу әсерін тудыратын сандық дыбыстың тәуелсіз жеті арнасы.
·  Perlux 18 киноэкраны - Harkness Hall компаниясы (Лондон) арнайы тапсырысымен әзірленген ең көп сәулетойтарысы бар кенеп мата.
·  Экранның ар жағында орналасқан, бірегей дыбысжұтушы 200 кв.м. диафрагма.
·  Lino Sonego (Италия) кинотеатралық креслалар (581 орын)
·  Mundokolor Ilumination Tecnika (Испания) жарық жолдары. 
·  Ecophon, Isover (Швеция, Финляндия) ерекше өңделген дыбысжұтушы плиткалардан жасалған қабырға және төбенің арнайы акустикалық үйлесімі.
"Юбилейный" кинотеатрында халықаралық премьералардан азғана қалушылықпен дүниежүзілік прокаттағы ең керемет ленталар көрсетіледі. 

Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қ-сы, Ушанов көшесі, 59
e-mail: cinema_uka@mail.kz
"Юбилейный" кинотеатрының автожауап беруі: (7232)26-26-83, 135, 169
Кинотеатрдың жұмыс уақыты: күнделікті сағат 10.00- ден 24.00 дейін.

"Эхо" кинотеатры
Мекенжайы: Киров көшесі, 54
Анықтама телефондары: 24-34-60, 26-14-95, 055, 259-259.

 

«HOLLYWOOD»  кинотеатры

«HOLLYWOOD»  кинотеатры

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі 43
Тел: 700000
Ресми сайт: www.me100.kz

«HOLLYWOOD»  кинотеатры«Hollywood»  кинотеатры екі ыңғайлы килозалдан тұрады: 504 орны бар үлкен зал және 91 орны бар кіші зал.
Көрініс проекциясы Harkness Hall Perlux 140 құбылмалы түсті қара мақпалмен көмкерілген арнайы экран арқылы жүргізіледі.

Кинозалдар Dolby Digital Surround EX кеңістік дыбыс шығару системасымен жабдықталған. Дыбыс шығару сапасы аса мінсіз болуы үшін кинозалдар акустикалық материалдармен қапталған. Ол арнайы дыбыс жұтқыш қасиеті бар Ecophon атты минералды-талшықтық тақтайшалар.
Екі залда да амортизаторы бар ыңғайлы креслолар орнатылған, сондай-ақ, бұл креслолар көрермендердің жайлылығы үшін жазылмалы  шынтақ тіреуіштерімен жабдықталған.

Үлкен залдың киноаппарат бөлмесінде Christie CP2000-ZX - ксенон шамының қуаттылығы 3кВт, ал кіші залдың киноаппарат бөлмесінде Christie CP2000-M сандық проекторлары орнатылған. Кинофильмдердің сақталуы мен көрсетілімі арнайы Dolby DSS-100 сандық аппараты және Dolby DSP-100 плеері арқылы жургізіледі. Үлкен залда Christie Cine-IMP 2K конвертері орнатылған. Ол үлкен экраннан кинофильмдердің корсетілуін ғана емес, сондай-ақ DVD роликтерін, теледидар бағдарламаларын және компьютер презентацияларының көрсетілуін мүмкімдік етеді.«HOLLYWOOD»  кинотеатры
Дыбыс декодерлеуі Dolby CP-650 дыбыс процессорларының көмегі арқылы жүргізіледі. Дыбыс системасы Моно, Dolby Stereo, Dolby Digital, Dolby Digital Surround EX форматтарының шығарылуын қамтамасыз етеді. Кинофильм дыбысы таза болуы үшін «Crown» және «Electro Voice» күшейткіштері қолданылады.
Залдағы жарықтың баяу сөніп және қосылуы үшін «Светогор» атты жарық көлегейлегіштері қолданылады.

Билет бағасы:

Сағат 19:00ге дейін : үлкен кісілерге – 550 тг.; балаларға – 300 тг.; студенттерге – дүйсенбі, сейсенбі күндері – 350 тг.; қалған күндер – 550 тг..
Сағат 19:00ден кейін : үлкен кісілерге – 700 тг.; балаларға – 350 тг.; студенттерге – дүйсенбі, сейсенбі күндері – 350 тг.; қалған күндер – 550 тг..

Билет сатып алған кезде әр-түрлі акциялар мен жеңілдіктер жүргізіліп тұрады.
Кинофильмдер сеансы бойынша ақпаратты www.me100.kz сайтынан жане де 700000 телефон арқылы біле аласыздар.  

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 20.02.2017