Тарихи тұлғалар

Бердус Иван Васильевич

Бердус Иван Васильевич(23.01.1906г -13.09.1970г)

Омск индустрия техникумындағы оқуын аяқтаған соң Риддер қаласына жолдама алып қуат станциясына қалқанды электр монтері болып тіркелді. 1928 - жылдың 14 маусымында Қазақстандағы алғашқы Хариузов су электр станциясын (СЭС) іске қосқан күні басқару тетігінде кезекшілік атқарды. Быструшинск станциясы мен бу турбинасында меңгеруші көмекшісі, кейін екеуінде де бір мезгілде меңгеруші болып жұмыс істеді.

Қаз.О.А.К.-нің мүшесі.1933-жылдан Жоғары және Төменгі Хариузов С.Э.С.-ның меңгерушісі. Хариузов және Тишинск С.Э.С.-тарының директоры(1947-1954жж). Күздік, қысқы маусымдарда С.Э.С.-ның қызметін пайдалану барысында тау өзендерінде пайда болатын мұз қабыршақ тарына қарсы күресте айтулы маман ретінде танылды. 1954-жылдан 1970-жылға деін Лениногорск сарқырамасындағы С.Э.С.-сы директоры қызметін атқарды.

Қазақ ССР-на еңбегі сіңген энергетигі. 2004 жылы Хариузов С.Э.С.-да И.В. Бердустың құрметіне мемориалдық тақта ілінді.

 

 

Пермитин Ефим НиколаевичПермитин Ефим Николаевич

(25.12.1895ж) Өскемен қаласы -18.04.1971ж.,Мәскеу) – совет жазушысы, қоғам қайраткері, ССРО жазушылар Одағының мүшесі, М. Горький атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлықтыңЛауреаты. «Алексей Рокотовтың өмірі», «Көктемдік жылға», «Тау бүркіттері» т.б. романдардың авторы.

Пермитин Е.Н. жерлестерінің ерекше құрметіне бөленуге тиіс:

- Ол шығыс-қазақстандық жазушылардың ішінде прозадағы Шығыс Қазақстан тақырыбын Совет әдебиетіне шығарды. «Достар», «Алексей Рокотовтың өмірі», «Тау бүркіттері»- осы кітаптардың көмегімен ол біздің қала, өлке, адамдар туралы Қазақстанның алыс шет аймақтарына айтты.

- 1923 ж. Пермитин Е.Н. кенес дәурінде алғаш рет, алыс шалғайдағы Өскемен қаласында әдеби-көркем «Алтай аңшысы» деген журналын жарыққа шығарды. Ол жалпы сібірлік, ал сонан кейін бүкіл ресейлік басылымға ие болды және 14 жыл бойы басылып шықты.

- Пермитин алғаш совет әдебиетінде өз шығарма беттерінде ауылдың социалистік өзгерту тақырыбын көтерді.

- Ең маңыздысы, біздің қаладан көшіп кеткеніне қарамастан, 1925 ж., бірінші Новосибирге, сонан кейін 1931ж.- Мәскеуге, біздің өлке туралы жазғаны оның творчествосында ең басты тақырып болды, ал «Алексей Рокотовтың өмірі» деген романы біздің қаламыздың ақиқаттық көркем шежіресі болды.

Пермитинның романдары 30-шы, 50-шы жылдары кенінен танымал болды. Олар бірнеше рет қайта басылып шығарылды. Оның шығармаларынан сыншылар Алтай өлкесінің ауылдық өмірі мен тұрмысы жайлы көп білді.

1966 жылы 14 ақпанда Пермитин Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1970 жылы «Алексей Рокотовтың өмірі» деген роман-эпопея үшін М. Горький атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

1978-1980 жж. «Көркем әдебиеті» баспасында Пермитинның шығармалық жинағы шықты.

Пермитин РСФСР жазушылар Одағында көп қоғамдық жұмыстар атқарды: Ресей Федерация жазушылар Одағының Басқармасының хатшысы болды; «Совет жазушысы», «Мәскеу жұмысшысы», «Советтік Ресей» деген редакциялық баспа кенесінде, «Әдебиет Ресей»күнтізбесінде, «Аңшылық пен аңшылық шаруашылығы» журналында, жазушылар Одағының ұйымында, халық шығармашылық комиссиясында, т.б. жұмыстар істеді.

Өскемен және Новосібір қалаларында көшелер Пермитинның атымен аталды.

 

Степан Михайлович Семенов

Степан Михайлович Семенов(1789-1852 жж.) – желтоқсандық, Өскемен қорғанында жер аударуды өткізді. Басыбайлылыққа және самодержавияға қарсылас болған, Семенов С.М. Құтқару Одағының және Береке Одағының мүшесі, Солтүстік Қоғамыныңда жетекші болды.

 Қамауға алған сон Петропавл қорғанында 9 ай ұстаңды. 26 қазанда 1826 ж. ол жер аударуға кетті, бірақ атақтарынан айырылмады. Өскемен қаласында Степан Михайлович Семенов 3 жыл тұрды: 1827 ж. ақпан айынан 1830 ж. наурыз айына дейін.1829 ж. С.М. Семеновқа атақты неміс табиғат зерттеушіні барон Александр Гумбольтты Батыс Сібірге сапарға бірге жүру тапсырма берілді.

Бірақ, Николай І-ге саяхатшымен айтылған мақтау пікір Степан Михайловичтын ғалымдық туралы жаман нәтиже алды: Семеновты Туринскқа ауыстырды. Семен Михайловичтын біздің қалада болғанына Шығыс Қазақстан тарихи - өлкетану мұражайында жазбаша деректердың топтама жұрнақысы куә болды. Бұл ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы метрикалық кітап. С.М. Семенов бұл кітапта 1827 ж. бастап 1829 ж. дейін «кіндік әке» деп бес рет жазылған.

Сонымен, дворян С.М. Семенов жер аудару кезінде болашақтағы кен жұмысшымен, казак уряднигымен және басыбайлы малаймен «туыстасты». Семеновтың замандастары ол туралы «табанды, тәуелсіз және адалдықты сеніммен» деп жақсы адам ретінде естеліктер сақтады.

 

 

Александр Николаевич ФедоровАлександр Николаевич Федоров

(1857-1918 жж.) Александр Николаевич Федоров Шығыс Қазақстанда танымалы адам. ХІХғ. аяғында – ХХғ. басында, А.Н. Федоров омарта шаруашылығын дамытуды ғылым негізіне қойды.

1883 жылы Александр Николаевичті «үкіметке қарсы» шыққан үшін Одессадан 5 жылға жер аударды. Ол Өскемен қаласында өмір бойы қалды. Осында ол өзінің омарта шаруашылықпен айналысу арманын іске асырды. Кейін А.Н. Федоровтың омартасы кең танымалы болды. Осында Омскіден, Барнаулдан, Павлодардан, Петропавлдан арашылар келді.

1910 жылы Александр Николаевич бүкіл Семей облысының омарта шаруашылығының бас нұсқаушының орнынабекітілді.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында толып жатқан құжаттардың түпнұсқасы мен фотосуреттер сақталуда, олар біздің жерлесіміздің өмірі жайлы айттып береді.

 

 

Оралхан Бөкеев (1943-1993)

Оралхан Бөкеев (Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.

Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкеев С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкеев 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді.

1974-1983 жылдары Оралхан бөкеев «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Ол өз туған жерін жанындай сүйді, оған мәңгі ғашың болып, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті. Әдебиетке келудегі мақсаты да сол. «Көкшетау асқан сүлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырады. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан кем емес. Бірақ оны жырға қостын, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ. Мен алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Мен мақсатыма жетемін деп сенемін», - деген екен қаламгердің.

Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді. Оның прозасы мен драматургиясында қоғам өмірінің өзекті мәселелері, ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік, рух тазалығы, жаратылыс пен адам арасындағы қарым-қатынас, жалпы адам проблемасы публицистикалық сарында өткір қойылды.

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралахан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалыкқ шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

1976 жылы Оралхан Бөкеев «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

Оралхан Бөкеев – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкеевтің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жопан, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көоген шығармалары - «След молний», молодая вардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982

Оралхан Бөкеевтің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкеевтің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

Оралхан Бөкеев 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

Ол халқына адал қызмет етті. Мақсатына өзін-өзі тәррбиелеу, өз бетінше білім алу ізденімпаздығымен жетті, шындық пен образдар қосуын, түнап жатқан қабілеті мен талантын бағалап әдебиет сүюші қауым, зерттеушілер, қаламдас достары Оралханға Кербғғы, Мұзбалағы, Өр Алтайдың күмбезі деген атаулар беріп, биікке көтерді.

Өр Алтай жеріндегі Оралхан бөкеевтің мұражайларынан алынған құжаттардың қөшірмелерінен басқа, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаттың газеттер қорынан алынған жазушының шығармаларының көшірмелерін және республикалық, аудандық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен естеліктерді жинастырып 2005 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатта ғылымитехникалық өңдеу жасалды.


Анықтама Шығыс Қазақстан облысының
мұрағатар және құжаттама басқармасымен берілген

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 20.02.2017