Кітапханалар

 

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
«Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ
ШҚО әкімінің ресми сайтына арналған ШҚ облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Әмбебап кітапхана

 

 

 ШҚО әкімінің ресми сайтына арналған ШҚ облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы туралы ақпарат

 

Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1969 жылы Қазақ зағиптар қоғамының (ҚЗҚ) облыстық басқармасы жанынан құрылды.

Кітапхана зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтармен олардың отбасыларына, соқырлық пен нашар көретіндердің барлық мәселесімен айналысатын азаматтарға, ҚЗҚ мекемесі мен кәсіпорын жұмысшыларына, өзге де топтағы мүгедектер мен жақын орналасқан мектеп оқушылары мен мұғалімдерге, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Жұмысымыздың мақсаты - зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға басқа азаматтармен бірдей дәрежеде ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беру.

Біздің міндетіміз: - барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әрбір зағип пайдаланушыға өзіне тиімді құрал арқылы ақпарат беру. - қоғамда олардың әлеуметтік бейімделулеріне және интерграциялануларына ықпал ету.

Кітапхана қоры – 64119 дана Оның ішінде: бедер-нүктелі әдебиеттер - 14300 дыбысты әдебиеттер – 18227 тегіс басылған әдебиеттер – 31592

Оқырмандар саны – 1655 Келушілер саны – 24760 Кітап беру саны – 63800

Кітапхана қызметкерлері -11

Кітапханада көз мүгедектеріне қызмет көрсету ыңғайлы етіп құрылған. Олардың демалуына жағдай жасалған. Кітапхана қызметінің стационарлы (абонемент, оқу залы, фонотека), және стационардан тыс түрлері: кітапханалық пункттері (11), үйден оқитын абонемент, дауыстап оқу үйірмелері қызмет көрсетеді. Оқу залының жанынан оқушы-кітапханашы жұмыс істейді. Фонотека бөлімі жанынан тифломагнитафондарды жалға беру ұйымдастырылған. Зағип оқырмандар арасында «Брайлист» (БНШ кітаптарды оқитындарға арналған) және поэзия құмарлар үйірмесіне келушілер саны күннен күнге артып отыр. «Брайлист» үйірмесінде оқырмандар Брайль жүйесінде оқу мен жазуға, домбыра мен баянда ойнауға, компьютерлік білім алу үйренеді.

Ноғасбаева Гүлмира ҚайырғазықызыБасшы туралы мәлімет Ноғасбаева Гүлмира Қайырғазықызы

1960 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Тарғын аулында дүниеге келген. 1983 жылы Өскемендегі педогогикалық институтттың филология факультетін /ұлттық мектепте орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша/ аяқтап, Ұлан ауданы, Тайынты ауылының Қазақ ССР-іне - 40 жыл атындағы орта мектепте қызмет істеді. 1985 жылы Ұлан ауданы Тарғын ауылындағы Совет Одағының Батыры І. Айтықов атындағы мектепке ауысады. 1990-1997 жылдары Өскемен қалалық мәдениет колледжінде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 1998 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында қызмет істейді. 1999 жылдың ақпан айында кітапхана директоры болып тағайындалды. Бір қызы бар. Кітап оқып, тоқыма тоқығанды жақсы көреді.

Қабылдау күндері: бейсенбі, сағ. 15.00 - 17.00 дейін
Тел: (7232) 24 – 54 – 24

Email: http://www.vkosbnsg.kz/ru/

Директор кітапхана жұмысын ұйымдастырады; кітапхана бөлімдері құрылымының қызметіне басшылық етеді. Кітапхана бөлімдері құрылымының іс-жоспары мен есеп беруін, бөлімдердің ережелері мен басқа да кітапхана қызметіне қатысты құжаттарды бекітеді. Кітапхана бөлімдерінің қызметін реттеп, әрі бақылауға алады. Кітапханаға озық жұмыс түрлерін енгізуге ат салысыды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 20.02.2017