Мәдениет

Демалыс афишасы

Театрлар

Мұражайлар

Кітапханалар

Филармония

Тарихи және мәдени ескерткіштер

Тарихи тұлғалар

 

Мәдениет саласының жағдайы

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер ұйымдарының желісі 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 19 бірлікті құрады, оның ішінде 10 мұражай, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 4 кітапхана.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағат мекемелерінің желісі 13 бірлікті құрады. Облыста 1 облыстық, 11 аудандық мемлекеттік мұрағат, Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы және ШҚО Мемлекеттік мұрағатының 6 филиалы қызмет етуде.
Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2016 жылға арналған  нақтыланған бюджеті 3 млрд. 622 млн. 979 мың теңгені  (республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттерді ескере отырып), 2 млрд. 885 млн. 020    мың теңгені (республикалық трансфертсіз – жергілікті бюджет), оның ішінде ведомстволық  бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына (МТБН) -  89386,0 мың теңгені құрады.
2016 жылы келесі бағдарламалар бойынша қаражат қосымша бөлінді          және азайтылды:

273 008 «Театр және музыкалық өнерді қолдау» бағдарламасы бойынша 10 000 мың теңге  «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК-ға костюмдер сатып алуға; 
273 032 «Ведомстволық  бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 68 000 мың теңге Өскемен қаласының «ШҚ облыстық мемлекеттік филармониясы» КМҚК-ға «Стейнвей» концерттік роялын сатып алуға бөлінді.
Сонымен бірге, «Мемлекеттік мұрағат» КММ бойынша 273 032 «Ведомстволық  бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасында Жарма филиалын сатып алу үшін 40 000 мың. теңге қаржы азайтылды.
2. Облыстық мәслихат сессиясының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 3/124-VІ шешімі бойынша (2016 жылғы 16 мамырдағы №7 облыстық бюджет комиссиясының отырысы хаттамасынан үзінді) Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына барлығы 71528,4 мың теңге бөлінді, оның ішінде:
273 005 015 «Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша 40 000 мың теңге, оның ішінде ХХ Халықтық ойындары мен облыстық «Этноауыл» киіз үйлер сайысын ашылу салтанатын әзірлеуге – 20000 мың. теңге, ресми келу аясындағы іс-шараларға дайындалу және өткізуге – 20 000 мың теңге.
273 008 «Театр және музыкалық өнерді қолдау» бағдарламасы бойынша қаражат 22 722,4 мың теңгеге өсті, оның ішінде:
«Облыстық драма театры»  КМҚК – 10 736 мың. теңге, оның ішінде:

«Абай атындағы театр» КМҚК-ға 3194 мың теңге ғимарат іші мен периметрі бойынша бейнебақылау жүйесін орнатуға,  
«Ертіс-концерт»    КМҚК-ға 8792,4 мың теңге ҚХР-ға симфониялық оркестр гастрөліне.
273 032 «Ведомстволық  бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша лимит 8806 мың теңге сомаға өсті - «Абай атындағы театр» КМҚК материалды-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде: дыбыстық жабдықтау – акустика жүйесі 14 дана 439,9 мың теңгеден, барлығы 6158,6 мың теңге, театр прожекторы 6 дана 256,215 мың теңгеден, барлығы 1537 мың теңге, өнеркәсіптік жүйелі шаңсорғыш 2 дана 112,74 мың теңге, барлығы 225 мың теңге, аккумулятор жиыны 486 мың теңге, процессор – 2 дана 85,3 мың теңге, барлығы 171 мың теңге.
3. Облыстық мәслихат сессиясының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/37-VІ шешімі бойынша (2016 жылғы 5 шілдедегі №10 облыстық бюджет комиссиясының отырысы хаттамасынан үзінді) Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына барлығы 30000,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:
273 007 015 «Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша ШҚО археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспары аясында ескерткіштерді консервациялауға 30000 мың теңге.
273 007 «Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету» бағдарламасының 011 «Республикалық бюджет трансферті есебінен» тармағы 2605,0 мың теңгеге азайтылды, оның ішінде:
«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық қорығы» КМҚК – 1000,0 мың теңге;
Семей қаласының «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК - 1275,0 мың теңге;
«Тарбағатай тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК – 330,0 мың теңге;
273 010 «Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету» бағдарламасының          011 «Республикалық бюджет трансферті есебінен» тармағы 1652,0 мың теңгеге азайтылды, оның ішінде:
«Глубокое мұрағаты» КММ – (-72,0) мың теңге;
«Шемонаиха мұрағаты» КММ – 171,0 мың теңге;
«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ - (-1751,0).

4. Облыстық мәслихат сессиясының 2016 жылғы 5 қазандағы 6/57-VІ шешімі бойынша (2016 жылғы 22 қыркүйектегі №14 облыстық бюджет комиссиясының отырысы хаттамасынан үзінді) Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына барлығы 17086,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:
273 008 015 «Театр және музыкалық өнерді қолдау» бағдарламасы бойынша «Облыстық драма театры»  КМҚК-ға нашар көретін азаматтарға арналған бейімделу құрылғысын орнатуға - 506,0 мың сома;
273 032 015 «Ведомстволық  бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша Халықаралық «Алтай-Invest» форумын өткізіп, синхронды аударма құрылғысын сатып алуға – 16580,0 мың теңге, оның ішінде:
- «Абай атындағы театр» КМҚК - 5645,28 мың теңге, «Ертіс-концерт» КМҚК - 4557,92 мың теңге, «Облыстық драма театры»  КМҚК – 6376,8 мың. теңге,
273 032 011 «Ведомстволық  бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша Стейнвей концерттік роялын сатып алуға қаражат – 8000,0 мың теңгеге азайтылды.
Сонымен, 2016 жылы  облыстық бюджеттен 196614,4 мың теңге қосымша қаражат бөлінді, сондай-ақ республикалық бюджет трансфертінен 9652,0 мың теңге алынған.   
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылға 111026,0 мың теңге сомасына нысаналы трансферт бөлінген, оның ішінде:

Мәдениеттің 4 нысанын жөндеу және 4 жоба қаралды, оның ішінде 3 ағымдық жөндеу және 57 жұмыс орны бар 1 күрделі жөндеу жұмысы, Жұмыспен қамту орталығынан 29 адам (нақты 31 адам жұмысқа орналастырылды):

2016 жылға арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес шығындар 2016 жылдың мамыр - желтоқсан айлары аралығына қарастырылды,   сома мөлшері - 111026,0 мың теңге, кассалық орындалу - 111026,0 мың теңге немесе 100% - ды құрады.
2016 жыл бойынша қаржыландыру жоспары - 3 млрд. 562 млн. 493 мың теңгені, есеп беріп отырған мерзімге - 2 млрд. 811 млн. 930 мың теңгені, кассалық орындалу - 2 млрд. 792 млн. 067 мың теңгені құрады.
2016 жыл қорытындысы бойынша 689 спектакльден 689, оның ішінде мемлекеттік тілде жылдық жоспар бойынша 339 спектакльден 384  ойналды, жылдық жоспар бойынша 28 қойылымнан 29 жаңа қойылым көрсетілді.
Театр өнері саласында жаңа қойылымдар үлесі 4,25%-ды құрады, жылдық жоспар бойынша – 4,06%. Театрлармен 159,7 мың көрермендерге қызмет көрсетілді, жылдық жоспар бойынша – 154.
Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония мен «Ертіс-концерт» КМҚК 572 іс-шара (концерт) өткізді, жылдық жоспар бойынша -571,  202,78 мың көрерменге қызмет көрсетілді, жылдық жоспар бойынша – 187,78.  
Облыстық  4 кітапхананың  кітап қоры 2016 жыл бойынша 957,64  мың дананы құрады, жылдық жоспар бойынша – 954,12.
Сатып алынған кітап қорының саны  21,08 мың дананы құрады, жылдық жоспар бойынша – 16,90.
Облыстық кітапханалар оқырмандарының жалпы саны 98,56 мың адамды құрады, жоспар бойынша – 95,76, келушілер саны – 1232,91 мың адам, жылдық жоспар бойынша – 1178,41.
Мұражай қоры 2016 жыл  бойынша  438,13  мың экспонатты құрады, жылдық жоспар бойынша – 436,99, мұражай қоры 6,79 мың экспонатқа толықтырылды, жылдық жоспар бойынша – 5,86, мұражай қорларымен жаңарту үлесі 1,55 %-ды құрады,  жылдық жоспар бойынша – 1,34.
Облыс мұражайларына келушілер саны – 835,36 мың адамды құрады, жылдық жоспар бойынша – 745,83.
Мәдениет саласы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.
2016 жыл бойынша ведомстволық бағынысты мәдениет мекемелерімен     7 000-нан астам мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді,
5 наурызда Металлургтер мәдениет үйінде облыстық мемлекеттік филармонияның үрмелі оркестрінің халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерті ұйымдастырылды.  Концертте әртүрлі жанрдағы шығармалар болды.
7 наурызда Металлургтер мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «In - Coro» тобының «Көктем шуағы» шығармашылық концерті өткізілді.  Концерттік бағдарламада классикалық музыка,  қазіргі заман ырғағымен жасалған қазақ әндері орындалды.
10 наурызда Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің         25-жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты Қазақстан композиторларының фестивалі өтті.
26 наурызда халықаралық театр күніне орай, 2015 жылы театр өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан актерлерге облыстық театрларда «Маска» театралды сыйлығы салтанатты тапсырылды.
Сәуір айының 13-15 аралығында Өскемен қаласында халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің 100-жылдығы мерекеленді.
Мерекелеу барысында II республикалық вокалистер конкурсы өткізілді. Конкурса республикамыздың әртүрлі қалаларынан (Астана, Алматы,  Қызылорда, Павлодар,  Петропавловск, Семей,  Талдыкорған, Өскемен) 42 үміткер – мәдениет саласын дамытуға үміт артқызар дарынды жас вокалистер, музыкалық өнер колледждерінің студенттері, барлығы – 42 қатысушы жиналған, олардың ішінде        33 қатысушы жеке орындаушы ретінде және 9 қатысушы дуэт ретінде қатысуға өтінім берілген.
15 сәуір күні облыстық драма театрында «Тағдыры бір-екі жұлдыз» аты еске алу кеші өтті. Мерейтойлық кеште олардың балалары – Абдуллина Галия Муслимовна, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Абдуллин Сагнай Муслимович, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ришат Абдуллиннің немересі – Абдуллина Карина Абрековна, «Жетіген» ансамблі болды. Сондай-ақ  ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, Мәскеу қаласындағы Халықаралық өнер Академиясының Академигі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры – Әбілов  Шахимардан Қайдарович пен Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі және біздің жерлесіміз – Нұржан Бажекенов қатысты. Аталған қонақтар Өскемен қаласының тұрғындарының құлақ құрышын қандырып, бойын балқытып жанды дауыста ән шырқап берді. Сонымен қатар, мерейтойлық кеште Ткач Вячеслав, Утуленова Мафруза, Коваленко Валерий және «Инкоро» тобының жас солистері өнер көрсетті.
21 сәуірде А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың 120-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.  
20 мамырда Өскеменде ШҚО әкімі сыйлығына ХХ –ұлттық спорт ойындары өткізілді. Аталмыш іс-шараның аясында 21-22 мамырда қалалық ипподромда «Ең үздік қазақ үйі» байқауы өткізілді, бұл байқауға облыстың аудан және қалалары қатысты. Әр аудан Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін сахналады.
29-30  шілдедегі Үржар ауданы, Мақаншы ауылында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Әсет Найманбаев атындағы ІІІ-республикалық «Інжу - маржан» байқауы өткізілді.
9 қыркүйекте Өскемен қаласы, Металлургтер мәдениет үйінде «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияда ғылыми бірлестік пен өкілдеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланды.
8-9 қыркүйекте Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өткізілді. Аталмыш іс-шараның аясында спектакльдер, көрмелер, фотокөрмелер, кітапханалық жобалардың тұсаукесерлері және гала-концерт өткізілді.
9-12 қыркүйекте Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шығыс-Қазақстан облысының мәдени күндері өткізілді. Іс-шара аясында спектакльдер, көрмелер және гала-концерт өткізілді.  
20-25 қыркүйекте облыстық драма театрында Р. Есдәулетов атындағы І - республикалық жастар театрының байқауы өткізілді, байқауға еліміздің жастар театрлары қатысты.  
26 желтоқсанда облыстық драма театрында Қазақстан Республикасы Президентінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шыршасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға облысымыздың аудан және қалаларынан балалар қатысты. 
Сонымен қатар, мерекелік күндері театрлар балаларға арналған қойылымдар мен ертегілерді ұсынды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 11.04.2017