Астана 20

Мерейтой  датасы логотипімен мерзімді баспа басылымдары беттерінде арнайы айдарлар ашылған, бейнеролик жаңалықтар және мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарында орналастырылған  және елді мекендердің  орталық көшелеріндегі ЛЭД экрандарда көрсетіледі.

Логотип  әр түрлі спорттық, мерекелік, зияткерлік іс-шараларында анағұрлым  белсендірек пайдаланылады.

Мерейтой  логотипі іс-шараларға қатысушылардың  киімдерінде (футболкаларда, бейсболкаларда), автожарыста (автомобильдерде), кубоктарда, кәдесыйларда, блокноттарда, автоқаламдарда, пакеттерде, гелий шарларда,  түрлі әшекейлерде, кескінделеді.

Барлық қоғамдық-маңызды іс-шараларда табыс етілетін  алғыс хаттар, грамоталар, сертификаттар  мерейтой логотипі  бейнеленіп дайындалады.

Есептік кезең ішінде жалпы облыс бойынша 200 мың адам қатысқан 1200-ден астам іс-шара өткізілді. Риддер қаласында 121 адам қамтылған, «20 лет любимой Астане» атты жастар флешмобы өткізілді, Абай ауданында балалар арасында           ең үздік 20 жылдық логотипін салудан сурет байқауы өтті, Күршім ауданының мектептерінде тәуелсіз мемлекет және оның астанасын салудағы  Президенттің рөлі, Астананың өңірлердің дамуына қосқан үлесі туралы сынып сағаттары өткізіліп, "Астана –  бейбітшілік пен келісім тоғысы" айдарымен деректі фильмдер көрсетілді, Зырян ауданында түрлі форматта 48-ден астам іс-шара (сайыстар, флешмобтар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, брейн-ринг, фестивальдар, семинарлар, спорттық іс-шаралар, концерттер т. б) ұйымдастырылды

Іс-шаралар  Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен өзгерістердің флагманы болып табылатын, Астана туралы  қатысушылардың білім-танымдарының  кеңейуіне, тұлғалық  және рухани дамуына,  өз еліне және астанасына деген мақтаныш пен махаббат сезімдерінің артуына ықпал етті. 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.04.2018 / 23.04.2018