Халықтар Ассамблеясы

 Қазақстан халқы Ассамблеясы

 15.01.2015. «Рождестволық кеш»

Ескі жаңа жылда  Қалалық Достық үйі балалардың шат күлкісіне кенелді. Рождестволық кешке қала мектептері мен жеткіншектерді қайтаоңалту орталығының,  мектеп-интернаттарың оқушылары келді.

Мереркелік көріністе Христос Рождествосының тарихы, оны өзге елдерде мерекелеу ерекшеліктері, мерекеге қатысты салт-жоралғылар туралы айтылды.

Кешті Семей қаласының Воскресенский соборының шырақшысы Михаил әкей ашты.

Бұл кеште би биленіп, ән-күй шырқалды. Шіркеу хоры, ардагерлер хоры және «Истоки» хор ұжымы өз өнерлерін ортаға салды.

Театрландырылған көріністе «Уют» балалар шығармашылығынының студиясы мен Воскресенский храмының оқушылары қатысты. Сонымен қатар балет мектебінің бишілері- Сабитова Каринаның орындауындағы  испан биі мен тарантелласы, Каткова Валерияның орындауындағы орыс биі көптің көңілінен шықты.  М. Федух пен В. Марущактың орындауындағы украин әндерін жұрт қошеметпен қабылдады.

Мерекелік кеш А.Барабановтың жетекшілігімен «Истоки» халықтық хорының орындауындағы «Играй, гармонь» орыс әнімен қорытыланды.

Сахынада жүргізушілер халыққа: «Бақытты да, тату өмір сүрейік, Жер жүзіндегі барша адамдар бір-бірімізге мейірімді болайық!» деген тілектерін білдіріп жатты.

 22.01.2015. «Денсаулық» клубы

Ағымдағы жылдың 21 қаңтары күні «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында», «Здоровье» клубы жыл басындағы алғашқы отырысын өткізді. Клубтың тұрақты тыңдармандары үшін отырыстың басталуы ерекше болды, оларға достары «Ровестник» ансамблі келді. Ән көңілдің ажары демекші олар  жүректі тербетер әндерін шырқап,  көрермендер қошаметіне бөленді. Отырыс аяқталған соң, клуб мүшелері Халықаралық құшақтасу күніне арналған ерекше акция өткізді. Барлық клуб мүшелері  сыртқа шығып, Достық стеласының жанында Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің мүшелерімен  құшақтасып, бір-бірлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 30.01.2015 / 30.01.2015