Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов

1948 жылы 23 қарашада Ресей Федерациясы Омбы облысы, Щербакул ауданы Айбас ауылында туған. Қазақ. 1971 жылы С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Агроном-экономист ғалым. Экономика ғылымдарының кандидаты. Мәскеудегі Бүкілкеңестік ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық кибернетика институтының аспиранты.

08.1971-01.1975 С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтында ассистент, аға экономист, аға инженер.

01.1975-08.1979 Бүкілкеңестік ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық кибернетика институтының сектор меңгерушісі міндетін атқарушы, аспирант, аға ғылыми қызметкер. Мәскеу қаласы.

08.1979-07.1982 Бүкілкеңестік ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық кибернетика институтының зертхана меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер. Мәскеу қаласы.

07.1982-02.1987 Торғай облысы, Октябрь ауданы «Заря коммунизма» совхозының бас экономисі, Торғай облысы Октябрь ауданы Панфилов атындағы совхоздың директоры, Торғай облыстық агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

02.1987-09.1989 Казақ ССР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті агроөндіріс кешенін экономикалық дамыту және әлеуметтік жоспарлау Бас басқармасының бастығы, Қазақ ССР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары – Қазақ ССР министрі. Алматы қаласы.

09.1989-02.1992 Қазақстан КП ОК аграрлық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан КП ОК аграрлық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары,, Қазақстан КП ОК әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі, Президент аппараты және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаржы және еңбек бөлімінің меңгерушісі.

02.1992-01.1993 Көкшетау облыстық әкімшілігінің басшысы.

01.1993-06.1994 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы.

06.1994-03.1996 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрі.

03.1996-07.1997 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

07.1997-12.1997 Ақмола облысының әкімі.

12.1997-07.1999 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары және ауылшаруашылық министрі.

07.1999-11.2001 Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.

11.2001-01.2007 Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Монғолиядағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2007 ж. 12 қаңтар мен 2008 ж. 7 мамыр бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Мақаншы сайлау округі бойынша Жоғарғы Кеңес депутаты.
«Парасат», II дәрежелі «Достық» ордендері және медальдармен марапатталды.


 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.01.2012 / 18.01.2012