Бергенев Әділғазы Садуақасұлы

1958 жылы Семей облысы Бородулиха ауданының Шелехово ауылында туған.

Білімі жоғары. Семей қаржы—экономикалық техникумын және Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын

тәмәмдады.
Еңбек жолын Бородулиха ауданының салық инспекциясында бастап, сол жерден Кеңестің Әскер қатарына шақырылды. Әскери қызметтен кейін ауданның кеңестік және партиялық органдарында қызмет етті. 1990 жылы ауданның салық инспекциясына жұмысқа ауысып, 1995 жылы Семей облысы бойынша салық полициясы облыстық басқармасының бастығы болып тағайындалады.
04.1997-05.1997 жылдар – Семей облысы әкімінің бірінші орынбасары, Семей облысы әкімінің м.а.
1997-1998 жылдар – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
06.1998 – 10.1998 жылдар – Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі.
1998-1999 жылдар – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшлігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
1999-2003 жылдар – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2003-2007 жылдар – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007 жылдың ақпан айынан бастап - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2008 жылдың 7 мамырынан 2009 жылдың 4 наурызна дейін - ШҚО әкімі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.01.2012 / 18.01.2012