шешімдерге шағым жасау тәртібі

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау тәртібі "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 12-бабымен реттеледі 

12-бап. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау 

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Байланыс тұлға: Әспенбетова Раушан Найманханқызы - облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Байланыс телефондары: 8 (7232) 26-39-72; 24-24-24  

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 23.01.2014 / 23.01.2014