Копия обзор 2015

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 2015 ЖЫЛДА ӨТІНІШТЕРІНІҢ ҚАРАЛУЫ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 1746 өтініш түскен, ол 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27 өтінішке көп. Олардың басым бөлігі (1533) дәстүрлі түрде пошта арқылы алынған, оның ішінде 277 өтініш электронды түрде, 213 өтініш жеке қабылдауда айтылған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау облыстың көптеген өңірлерінде өтініштер санының өсу тенденциясын көрсетеді. Семей (+132)  және Курчатов (+7) қалаларының, Бесқарағай (+6), Жарма (+5), Үржар  (+9), Шемонаиха (+20) аудандарының тұрғындарынан өтініштер саны артқан. Зайсан және Зырян аудандарынан өтініштер саны бір бірлікке артқан. Семей қаласынан өтініштер санының өсуі облыс әкімі 83 адамды қабылдаған үш қабылдау жүргізумен түсіндіріледі.

Өтініштердің басым бөлігі 2014 жылғыдай Өскемен 565 (32%),  Семей - 468 (27%) қалаларының тұрғындарынан, сондай-ақ басқа облыс тұрғындарынан 217 (12%) алынған.  

Ұжымдық өтініштер саны артқан, егер 2014 жылы мұндай өтініштер саны 186 болса, 2015 жылы 239 түскен.

Ұжымдық және жеке өтініштер санының арақатынасы 86%-ға 14% құрайды.     

Түскен өтініштер мен онда қойылған сұрақтарды талдау, олардың басым бөлігі 587, немесе 34% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты екенін көрсетеді. Егер 2014 жыл әрбір төртінші өтініш дәл осы қызмет саласына қатысты екенін көрсетсе, ағымдағы жылы әрбір үшінші екенін көрсетті.

Өтініштер тақырыбы 2015 жылы аса өзгерген жоқ: өткен жылдардағыдай проблемалы мәселелер еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнеткерлік қамтамасыз ету  (227 өтініш, немесе жалпы санының 13%), құқықтық тәртіптің заңдылығы және қорғауды қамтамасыз ету (62, немесе 3,6%), білім беру (72, немесе 4%), мәдени-ағарту жұмыстарына (80, немесе 4,6%), денсаулық  сақтау (40, немесе 2,3%), жер пайдалану (85, немесе 5%), кәсіпкерлік және өнеркәсіп (81, немесе 4,6%), ауыл шаруашылығы (46, немесе 2,6%), мемлекеттік басқару (85, немесе 6%), көлік (39, немесе 2,2%), спорт (43, немесе 2,5%), банк қызметі (6, немесе 0,3%), байланыс (1, немесе 0,1%), экология (10, немесе 0,6%), бұқаралық ақпарат құралдары (17, немесе 1%) және басқаларына қатысты.

2015 жылда облыс әкімі аппаратының басшылығымен 59 қабылдау жүргізілген, 213 адам қабылданған (2014 жылы – 190 адам, оның ішінде обыс әкімімен 115 адам қабылданған).

Облыс әкімінің аппаратына жеке қабылдауға жүгінетіндердің басым бөлігі – ол Семей (91 адам), Өскемен (76), Курчатов (1) қалаларының,  Ұлан (6), Жарма (4), Глубокое (3), Күршім (3), Абай (2), Зайсан (2), Аягөз (1), Бесқарағай (4), Зырян (1), Шемонаиха (1), Үржар (1),  Катонқарағай (1) аудандарының тұрғындары. 17 адам жеке қабылдауға басқа өңірлерден жүгінген.

Облыс әкімінің аппаратымен өтініштерді орындау барысын бақылау күшейтілген. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын жақсарту, олардың санын азайту мақсатында облыстық басқармалар, сондай-ақ қалар мен аудандар әкімдіктері қызметкерлеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 17.01.2019 /