Халықпен жұмыс

2017 жылғы азаматтардың өтініштері мен оларды қабылдауы туралы ақпарат

Есеп беріп отырған мерзімде облыс әкімінің аппаратына 1525 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  192 өтінішке артық (1333).

  1. 1191  (1123 - 2016) – жеке тұлғалар өтініштері;
  2. 334  (210 - 2016) – заңды тұлғалар өтініштері.

Соның ішінде:
- ҚР Президенті Әкімшілігінен 203 түсті, оның 87-і бақылаулық (2016 жыл - 198, оның 72-сі бақылаулық);
- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен 71 өтініш, оның 7-уі бақылаулық (2016 жыл – 47, оның 2-уі бақылаулық);
- ҚР Парламентінен 34 өтініш, барлығы бақылаулық (2016 жыл - 23, барлығы бақылауда).
Өтініштердің түрі бойынша: өтініштер – 1098 (72%), шағымдар – 366 (24%), ұсыныс, пікір білдірулер, сұраулар – 61 (4%).
Өтініштерге талдау олардың көп бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үймен қамту (жалпы санынан 26,5%), тұрғындарды еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту (14%) мәселелеріне қатысты.

Қайталай түскен өтініштер

2017 жылдың талданып отырған мерзімінде қайталай түскен өтініштер саны азайды – 81 (2016ж. – 90).
Қайталай түскен өтініштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (32), оның ішінде тұрғын үй беру мәселесі бойынша – 15, еңбек және әлеуметтік қамту (8), құқық қорғау (5),  мемлекеттік органдар қызметі (8), жер пайдалану (4), мемлекеттік құрылым (7), көлік (4), кәсіпкерлік (5), мәдениет (2), қаржыландыру (2) мәселелері бойынша келіп түсті, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және құрылыс мәселелері бойынша бір-бір өтініштен.

Облыс әкімдігі басшылығымен жеке мәселелері бойынша қабылдау

2017 жылы облыс басшылығымен жеке және заңды тұлғалар өкілдерімен 127  қабылдау өткізіліп, 247 адам қабылданды, олардан облыс әкімімен 149, әкімнің орынбасарларымен – 93, аппарат басшысының міндетін атқарушымен – 5 адам қабылданды.
123 жағдайда өтініш иелеріне қабылдау барысында ауызша түсініктер берілді.
105 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілді (прокуратура, облыстың ІІД, облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы филиалы), 13 облыс әкімінің аппаратында қаралды .

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 17.01.2019 / 17.01.2019