обзор 2016

2016 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жағдайы туралы

2016 жылы облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 1333 өтініш келіп түсті, ол 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 413 өтінішке аз.
Өтініштердің саны облыстың: Глубокое (+18), Бородулиха (+6), Тарбағатай (+5), Курчатов қаласы (+2) өңірлері қатарынан артты.
2015 жылмен салыстырғанда Өскемен (- 116), Семей (-154) қалаларынан, республиканың басқа өңірлерінен (- 87) өтініштер саны біршама азайды.
Есепті кезеңде ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен, Парламенттен, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратынан қарауға Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 268 өтініші келіп түсті, ол 2015 жылдағыдан 70 өтінішке аз.
Өтініштердің басым бөлігі орындарда шешілуі қажет мәселелерді қозғайды. Осыған байланысты 1333 өтініштен 1131-і немесе 85%-ы қалалық және аудандық әкімдіктерге, облыстық басқармаларға қарау үшін жіберілді. Ведомстволықтары бойынша (облыс прокуратурасы, құқық қорғау органдары, департаменттер) 45 өтініш немесе 3%-ы жіберілді. Облыс әкімі аппаратының бөлімдерінде 157 өтініш немесе 12%-ы қаралды. 
Қарау нәтижелері бойынша 146 өтініш иелері түсініктеме сипатындағы жауаптар алды, 8 мәселе оңды шешіліп, 3 жағдайда бас тартылды.
2016 жылы облыс басшылығымен жеке және заңды тұлғалардан  59 қабылдау жүргізіліп, 154 өтініш қабылданды, олардан облыс әкімімен – 51, соның ішінде 18-і Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зырян, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарына, Риддер қаласына жұмыс сапары барысында  қабылданды. 
Облыс әкімі аппаратында жеке қабылдауларда Өскемен (91), Курчатов (8), Семей (6), Риддер (3) қалаларынан, Аягөз (2), Бесқарағай (3), Жарма (3), Глубокое (10), Зырян (4), Зайсан (4), Катонқарағай (1), Көкпекті (2), Күршім (2), Тарбағатай (4), Ұлан (6), Үржар (1), Шемонаиха (3) аудандарынан, басқа өңірлерден (1) 154 адам қабылданды. 
Олармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, білім беру, кәсіпкерлік, мәдениет және басқа мәселелері көтерілді.   
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 33 жағдайда өтініш иелеріне қабылдау барысында ауызша түсініктемелер берілді. 
Өтініштер басшылықтың қарарына сәйкес қарау үшін:
112-сі – қалалар мен аудандар әкімдіктеріне және облыстық  басқармаларға;
3-уі  – қадағалаушы, құқық қорғау органдарына;
6-уы – облыс әкімі аппаратының бөлімдеріне жіберілді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.08.2017 / 01.08.2017