шолу 2014

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 2014 ЖЫЛДАҒЫ ӨТІНІШТЕРІНІҢ ҚАРАЛУЫ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ

2014 жылда облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 1719 өтініш түскен, ол 2013 жылмен салыстырғанда 155 өтінішке аз (2013 жылы – 1874 өтініш).

Өтініштердің басым бөлігі Өскемен (608, немесе өтініштердің жалпы санының 35%) және Семей (336, немесе 20%) қалаларынан түскен. Алайда, егер 2013 жылдың кезеңімен салыстыратын болсақ, онда Өскемен қаласының тұрғындарынан келіп түскен өтініштердің саны өзгеріссіз қалған, яғни 2013 және 2014 жылдарында өтініштер саны 608-ді құрады, сөйте тұра, Семей қаласы тұрғындарынан өтініштердің саны 30 бірлікке азайған.  

2013 жылмен салыстырғанда Риддер қаласынан, Бородулиха, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан аудандарынан өтініштердің саны артқан.

Жоғары тұрған органдардан 2014 жылда жеке және заңды тұлғалардан 392 өтініш түскен, ол 2013 жылмен салыстырғанда 40 өтінішке аз.

Өтініштердің басым бөлігі жер-жерлерде шешімін табуы қажет мәселелерді қозғайды. Осыған байланыстые 1719 өтініштің 619-ы, немесе 36% орындау үшін аудандық және қалалық әкімдіктерге жіберілген. Оның 495-і немесе 80% бақылауға алынған.

2014 жылы облыстық әкімдіктің басшылығымен облыс әкімінің аппаратында 190 адам қабылданған 82 қабылау өткізілді (2013 – 140 адам), оның ішінде облыс әкімі – 115 адамды, орынбасарлары – 63 адамды, аппарат басшысы – 12 адамды қабылдады.

Облыс әкімінің аппаратына жеке қабылдауға жүгінгендердің басым бөлігі Өскемен қаласының (120 адам) және өзге өңірлердің (34) тұрғындары. Сондай-ақ, облыстық әкімдік басшысының жеке қабылдауына Семей қаласының (12), Глубокое (7), Ұлан (6), Аягөз (3), Катонқарағай (3), Шемонаиха (2), Бородулиха (1), Зырян (1), Күршім (1) аудандарының тұрғындары жүгінді.

Қабылданғандардың жалпы санының 39% (75) заңды тұлғалар өкілдері, олар инвестиция тарту, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік құрылым, ауыл және су шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп және т.б. мәселелер бойынша жүгінген.

Жеке тұлға өкілдерінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй беру, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, білім беру, мәдениет және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар басым түседі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 29.04.2015 /