шолу 2013

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 2013 ЖЫЛДАҒЫ ӨТІНІШТЕРІНІҢ ҚАРАЛУЫ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ

2013 жылдың 12 айында облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 1874 өтініштер келіп түсті, ол 2012 жылмен салыстырғанда 122 аз.

1874 өтініштің  - 1734 (92,5%)  қағаз тасымалдаушысында келіп түсті, 140  (7,5%) өтініш жеке қабылдауда ауызша баяндалды.

Өтініштердің көп бөлігі Өскемен – 608 (32,5%), Семей – 366 (19,5%) қалаларының тұрғындарынан, аудандардан – 635 (33,9%) және  265 (14,1) басқа өңірлерден келіп түсті.

Курчатов қаласынан (+3), Абай (+2), Бесқарағай (+1), Зайсан (+9) аудандарынан өтініштердің санының аздаған өсуі байқалады. Басқа өңірлерден өтініштер саны айтарлықтай көбейген (+79).

Ұжымдық өтініштердің азаюы байқалады, 2013 жылы 213 құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 62 өтінішке аз.

Жоғары тұрған органдардан 2013 жылы жеке және заңды тұлғалардан 445 өтініш түсті, бұл 2012 жылмен (548) салыстырғанда 103 өтінішке аз.  

Облыс әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауы облыс әкімімен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, ол кесте көпшілікке қолжетімді жерде фойеде орналасқан.

2013 жылы облыс басшылығымен жеке мәселелер бойынша 140 жеке және заңды тұлғалар қабылданды. 

Сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізуді тәжірибелеуде. 2013 жылдың басынан облыс әкімімен үш қабылдау жүргізілді, 55 адам қабылданды.

Облыс әкімінің орынбасарларымен «Нұр Отан» ХДП филиалының кеңсесінде алты қабылдау жүргізілді, 47 адам қабылданды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.01.2015 /