Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 133 «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18653 болып тіркелген) сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4132 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов әкімі

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.07.2019 / 10.07.2019