Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 16 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 16 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4418 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурыздағы «Дидар», 2016 жылғы 12 наурыздағы «Рудный Алтай» газеттерінде және 2016 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ашық деректер интернет-порталына орналастырылатын Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының ашық деректер тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуін;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің инвестиция және индустрияландыру мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов әкімі

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 04.07.2019 / 22.07.2019