Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі №117 «Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы»  қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 5-бабының  3-тармағына  және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 716 «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы    28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»    бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19808 болып тіркелген, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс  Қазақстан   облысы   әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 117 «Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы»  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3336 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2014 жылдың 28 мамырында электронды түрде, 2014 жылдың    9 маусымында «Дидар», 2014 жылдың 7 маусымында «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Учаскелік комиссиялар туралы ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1)    осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес учаскелік комиссиялар туралы ережесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары бекітілсін.»;

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулымен бекітілген учаскелік комиссиялар туралы ереже жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарымен толықтырылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдануын;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын  қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала  бойынша орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.01.2020 / 16.01.2020