Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беру және қайта атау туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының
10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж.,  №11, 81-б.) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай объектілерге:

1) Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Лев Гумилевтың есімі;

2) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 39 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсаринның есімі;

3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Абайдың есімі;

4) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

5) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсаринның есімі;

6) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№39 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

7) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

8) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;

9) «Семей халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Абайдың есімін беру туралы;

10) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

11) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі;

12) «№ 2 Ақсуат орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қожакелді батырдың есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Березовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Бозтал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Қызыл Шемонаиха негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Прапорщиково орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Глубокое ауданының білім беру бөлімі «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) «Переваловка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Глубокое  ауданының  білім  беру  бөлімі  «Мәлік  Ғабдуллин  атындағы  орта

мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Бобровка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Глубокое ауданының білім беру бөлімі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) «Ушанов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Глубокое ауданының білім беру бөлімі «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.01.2020 / 09.01.2020