Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы 

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 27-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңының  27-бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 болып тіркелген, «Әділет» жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда, 2015 жылғы  11 тамыздағы № 90 (17179) «Дидар» және 2015 жылғы 10 тамыздағы № 93 (19692) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған);

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 15 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4890 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде электронды түрде 2017 жылғы 17 наурызда, 2017 жылғы 11 наурыздағы № 28 (17423) «Дидар», 2017 жылғы 11 наурыздағы № 28 (19935) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 146 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4890,  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде электронды түрде 2018 жылғы 19 маусымда, 2018 жылғы 10  шілдедегі № 80 (17628) «Дидар» және 2018 жылғы 10 шілдедегі № 80 (20139) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күшін жойған деп танылсын.

2. Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.01.2020 / 06.01.2020