Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі  № 356  «Қазақстан Республикасы ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 19435 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4177 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 24 қарашада, 2015 жылғы 26 қарашада, 2015 жылғы 28 қарашада «Дидар» және 2015 жылғы 25 қарашада «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;

1-тармақтың 5) тармақшасы мен көрсетілген қаулымен бекітілген «Суарылатын егiс алқаптарын суарылмайтын алқаптар түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 229 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6074 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2019 жылғы 25 шілдеде «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған):

1-тармақтың 1) тармақшасы мен көрсетілген қаулымен бекітілген «Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын.

2. Облыстың жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 25.11.2019 / 26.11.2019