Қаулы жобалары

«Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 277 қаулысына өзгерістер  енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы   23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 543 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 18103) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 277 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4233, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы   31 желтоқсандағы «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;

3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру туралы оң қорытынды немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11765) бұйрығымен бекітілген «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.»;

4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша өтінішті және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің), оның ішінде жеңілдіктері бар тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өзге де құжаттарын алу болып табылады.»;

5-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары келесі редакцияда жазылсын:

«4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманының қарауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытынды әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы –25 (жиырма бес) күнтізбелік күн;

5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытындыға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.

6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытындыны беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.»;

6-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы бөліктері келесі редакцияда жазылсын:

«Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытындыны ресімдеу болып табылады, ол осы Регламенттің
5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауға негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы қол қойылған оң қорытынды болып табылады, ол осы Регламенттің
5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауға негіз болады.

«Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі көретілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытындыны беру болып табылады.»;.

8-тармақтың 4), 5), 6) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«4) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманының қарауы, мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытындыны әзірлеуі. Орындалу ұзақтығы – 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытындыға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде;

6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беру немесе дәлелденген бас тарту туралы оң қорытындыны беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.»;

«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне қосымша осы қаулы қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;

4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша өтінішті және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің), оның ішінде жеңілдіктері бар тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өзге де құжаттарын алу болып табылады.».

2. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.            

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.11.2019 / 19.11.2019