Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Үржар ауданы, Қарақол ауылдық округінің «Сарытерек» және «Ферма 3» елді мекендерді есепті деректерден шығару туралы» бірлескен Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 44-493/VІ шешімі мен Үржар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 301 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Қарақол ауылдық округінің «Сарытерек» және «Ферма 3» елді мекендері таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын:

2) таратылатын Қарақол ауылдық округінің «Сарытерек» және «Ферма 3» елді мекендері шекаралары өзгертіле отырып, Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылының құрамына енгізілсін.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Д. Ахметов
Сессия төрағасы Ж. Шаймарданов
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.11.2019 / 19.11.2019