Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 221 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 139 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 «Мәдениет саласындағы мемлекетттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18693 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 221 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4156 болып тіркелген, 2015 жылғы 09 қарашадағы № 132 (19731) «Рудный Алтай», 2015 жылғы 07 қарашадағы № 128 (17217), 2015 жылғы 10 қарашадағы № 129 (17218) «Дидар» газеттерінде, 2015 жылғы 10 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1. «Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3)  осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін»;

1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 2 және 3-қосымшаларымен толықтырылсын.

2. Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.11.2019 / 11.11.2019