Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы, Алтай ауданы, Жарма және Зайсан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныс енгізу туралы» бірлескен Семей қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 41/279-VІ шешімі мен Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 1618 қаулысының, «Алтай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар туралы» бірлескен Алтай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 52/2-VІ шешімі мен Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 347 қаулысының, «Жарма ауданының елді мекенін тарату және әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 37/303-VІ шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 229 қаулысының, «Зайсан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 43-1 шешімі мен Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 451 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Семей қаласы бойынша:

1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын: 

Қараөлең ауылдық округінің Қараөлең ауылы;

Ақбұлақ ауылдық округінің Социалистік Қазақстан ауылы;

2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

Қараөлең ауылдық округінің Қараөлең қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылының құрамына;

Ақбұлақ ауылдық округінің Социалистік Қазақстан қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының құрамына енгізілсін;

Алтай ауданы бойынша:

1) Парыгин ауылдық округінің Баяновск ауылы таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын; 

2) Парыгин ауылдық округінің Баяновск қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Парыгин ауылдық округінің Зубовск ауылының құрамына енгізілсін;

Жарма ауданы бойынша:

1) Аршалы ауылдық округінің Жарықтас ауылы таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын;

2) Аршалы ауылдық округінің Жарықтас қонысының аумағы шекаралары өзгертіле отырып Аршалы ауылдық округінің Аршалы ауылының құрамына енгізілсін;

Зайсан ауданы бойынша:

1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын: 

Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз ауылы;

Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сартұмсық ауылдары;

Кеңсай ауылдық округінің Сарши ауылы;

2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Сарытерек ауылдық округінің Көгедай ауылының құрамына;

Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сартұмсық қоныстарының шекаралары өзгертіле отырып, Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылының құрамына;

Кеңсай ауылдық округінің Сарши қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылының құрамына енгізілсін.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі Д. Ахметов

Сессия төрағасы Г. Чемоданов

Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 07.11.2019 / 07.11.2019