Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 5-бабына, 18-бабының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 10992 болып тіркелген),тарихи-мәдени мұра нысандарын жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде нөмірі 2484 болыптіркелген,  2008 жылғы19 маусымдағы № 80-81 (15990) «Дидар», 2008 жылғы 19 маусымдағы № 92-93 (18526) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын;

мемлекеттік тілдегі 244, 262, 267, 284, 451, 516 тармақтары, орыс тіліндегі 245, 263, 268, 285, 452, 516 тармақтары алынып тасталсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.11.2019 / 06.11.2019