Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 16 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 16 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4418 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурыздағы «Дидар», 2016 жылғы 12 наурыздағы «Рудный Алтай» газеттерінде және 2016 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ашық деректер интернет-порталына орналастырылатын Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының ашық деректер тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің инвестиция және индустрияландыру мәселелері жөніндегі бірінші орынбасарына жүктелсін.

4.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 28.10.2019 / 28.10.2019