Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 89 «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулының күші жойылды деп тану туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 859 «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 19116 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 89 «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5618 болып тіркелген, «Дидар» газетінде 2018 жылғы 17 мамырдағы № 58, «Рудный Алтай» газетінде 2018 жылғы 17 мамырдағы № 58, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 25 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы  қаулы тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының  әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.10.2019 / 09.10.2019