Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Аягөз, Бородулиха, Жарма аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Алтай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізуге ұсыныс туралы» бірлескен Алтай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 51/3-VІ шешімі мен Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 310 қаулысының, «Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашасындағы № 31/205-VІ шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 920 қаулысының, «Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 40-4-VІ шешімі мен Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 225 қаулысының, «Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізуге ұсыныс туралы» бірлескен Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қазандағы № 26/229-VІ шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 303 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

Алтай ауданы бойынша:

1) мынандай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге  қоныстар санатына жатқызылсын:

Соловьево ауылдық округінің Бедаревка ауылы;

«Көгілдір Бұғаз» демалыс үйлері қонысы;

2) таратылған ауылдардың аумақтары:

Соловьево ауылдық округінің Бедаревка қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Соловьево ауылдық округінің Ленинск ауылының құрамына;

«Көгілдір Бұғаз» демалыс үйлері қонысы шекаралары өзгертіле отырып,  Жаңа Бұқтырма кентінің құрамына;

Аягөз ауданы бойынша:

1) мынандай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге  қоныстар санатына жатқызылсын:

Ақшатау ауылдық округінің Қалғытты ауылы;

Малкелді ауылдық округінің Жорға ауылы;

2) таратылған ауылдардың аумақтары:

Ақшатау ауылдық округінің Қалғытты қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының құрамына;

Малкелді ауылдық округінің Жорға қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Малкелді ауылдық округінің Қорық ауылының құрамына;

Бородулиха ауданы бойынша:

1) мынандай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге  қоныстар санатына жатқызылсын:

Бақы ауылдық округінің Тарск ауылы;

Петропавловка ауылдық округінің Мещанка ауылы;

Степной ауылдық округінің Қызылтай ауылы;

Подборный ауылдық округінің Жақсылық ауылы;

Белағаш ауылдық округінің Бек-Карьер ауылы;

2) таратылған ауылдардың аумақтары:

Бақы ауылдық округінің Тарск қонысы шекаралары өзгертіле отырып,  Бақы ауылдық округінің Коростели ауылының құрамына;

Петропавловка ауылдық округінің Мещанка қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Петропавловка ауылдық округінің Изатулла ауылының құрамына;

Степной ауылдық округінің Қызылтай қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Степной ауылдық округінің Орловка ауылының құрамына;

Подборный ауылдық округінің Жақсылық қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Подборный ауылдық округінің Михайловка ауылының құрамына;

Белағаш ауылдық округінің Бек-Карьер қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Белағаш ауылдық округінің Бековка ауылының құрамына;

Жарма ауданы бойынша:

1) Шалабай ауылдық округінің Жаңаауыл ауылы таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге  қоныстар санатына жатқызылсын:

2) Шалабай ауылдық округінің Жаңаауыл қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Шалабай ауылдық округінің Шалабай ауылының құрамына енгізілсін.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі Д. Ахметов
Сессия төрағасы Р. Джангурчинов
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.09.2019 / 05.09.2019